Атырау, 18 сәуір 20:40
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қашаған: құбырлар туралы құрылыс басталмай тұрып ескерткен болатын

2 884 просмотра

Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралы. 2013 жылдың 26 тамызы.Қашағандағы отын газының апатты шығарындысы. D аралы. 2013 жылдың 26 тамызы.Атырау экономикалық сотында облыстық экологиялық департаменті газ құбырында орын алған газ кетуден кейін жүргізген тексерулер нәтижелері бойынша шығындарды өтеу туралы шығарған ұйғарымға қатысты NСОС консорциумының шағымы қаралып жатыр Консорциумға 134 млрд теңге айыппұл салынды»).

Құбырларда орын алған бірнеше рет газ кетуден кейін «Болашақ» МжГКДҚ жалын қондырғысында 2,8 млн «текше» қышқыл (шикі) газ жағылған. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Қорытынды тыңдау 28 сәуірге белгіленді.

Естеріңізге салсақ, газ құбырының «Болашақ» МжГКДҚ-дан 2,5 шақырым жердегі жер үсті учаскесінде алғашқы ағу фактісі 2013 жылғы 24 қыркүйекте тіркелген еді. Бұл күні зауыттың жалын қондырғысында 700 мың текше жоғары күкіртті қышқыл газ жағылды. Зауыттан 7 шақырым жерде орналасқан автоматты қадағалау станциясының деректері бойынша, қышқыл газды атмосфералық ауаға жіберу салдарынан сағат 06.00-ден 06.20 аралығында кезеңде ауадағы күкіртсутегінің құрамы ШРШ-тан 40 есе артып кеткен.

9 қазанда шикізатты өндіру және құбыр бойымен тасымалдау қайта басталғаннан кейін екінші рет газ кету оқиғасы орын алды. Бұл да үлкен көлемді қышқыл газды жағуға әкеп соқтырды.

Бүлінген құбыр қосылыстары жөнделгеннен кейін құбыр желісінің басқа учаскелерінде болуы мүмкін ақауларды табу үшін желі отын газымен толтырылды және осының нәтижесінде құбырлардың дәнекерленген жерінен кеткен тағы да төрт рет газ кету жағдайы анықталды.

Құбырларға алғаш зерттеу жүргізген кезде бойынан 32 жарық табылды. Редакция қолында Тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі бар, онда былай деп жазылған: «...Тексеру кезінде анықталған 32 жарықтың 29-ы дәнекерлеу тігістерінде пайда болған, бұл құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде мердігерлер жіберген жауапсыздықтар мен әдейі жасалған салақтықтарына айғақ болады». Газ құбырының құрылысы 2005 жылғы 11 тамызда басталып, 2012 жылғы 25 мамырда аяқталған, жалпы ұзындығы – 95 шақырым (66 шақырымы теңіз түбінде және 29 шақырымы құрылықта). Жұмыстың бас мердігері - «СайпемС.п.А» компаниясы.

Сонымен қатар, экология департаменті өз тексеру актісінде келесі жағдайларға назар аудартады: «ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 22 маусымдағы мемлекеттік экологиялық сараптамасына сәйкес...осы газ құбыры құрамында күкіртсутегі және 12,9%-ға дейін көміртегі қос тотығы бар дегидрацияланған жоғары күкіртті газды тасымалдауға арналған. Алайда... ілеспе газ құрамындағы күкіртсутегі 16%-дан асқан және бұл темірдегі жарықтардың пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін».

Естеріңізге салсақ, зерттеудің алдын ала нәтижелері құбырдың жарылған жерлеріндегі материалдың жоғары қаттылығына (яғни, жоғары әлсіздігіне) байланысты кернеу нәтижесінде сульфидті жарылу (КСЖ) орын алғанын растайды. Экологтардың деректері бойынша, жарықтардың пайда болуына және таралуына әкелген КСЖ-нің негізгі себептеріне келесілер жатады: төзімсіз материал (ISO талаптарына сәйкес келмейді), қоршаған орта (H2S, судың болуы), кернеудің (қалдық немесе қосымша)болуы.

Қазір құбыр металы үлгілерін зерттеу жұмыстары TWI зертханасында және Франция мен Италияның басқа да мамандандырылған зертханаларында жүріп жатыр. NСОС баспасөз қызметі зерттеу нәтижелері 2014 жылдың сәуірінде дайын болады деп хабарлады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 сәуір 2014, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.