Атырау, 29 наурыз 16:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қашағанның басшысы отставкаға кетпек

1 746 просмотра
Қашаған жобасының операторы North Caspian Operating Company B.V. (NCOC) - "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В." ("НКОК") компаниясының төрағасы әрі басқарушы директоры Пьер Оффан отставкаға кететін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания хабарлағандай, Пьер Оффан ағымдағы жылы мамырдың 1-інен бастап өз қызметінен кетеді. Бұл лауазымда ол 2008 жылдан бастап жұмыс істеді. П.Оффанның орнына ExxonMobil ("ЭксонМобил") компаниясының өкілі Стефан де Майю келмек. Ол халықаралық мұнай-газ жобаларына қатысып, күрделі ұлттық бастамаларға жетекшілік еткен. Бірқатар елдерде сан алуан басқарушы қызметтерде жұмыс істеді. Еңбек өтілі - 30 жыл.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қашаған кен орнын, кем дегенде, екі жылға жауып тастайды деген ақпарат болған. Бәлкім, ол уақыт 2017 жылға дейін ұзартылады. Негізгі мақсат - арнайы құбыр жүйесін тарту. Себебі өткен жылы болған ақаулықтан кейін Қашаған жобасын іске қосу әлі де мүмкін болмай отыр. Сарапшылардың айтуынша, аталған жоба екі жыл тұрып қалса, Қазақстан екі миллиард долларға шығындалады. Ол сомма одан да көп болуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, Қашаған кен орнын игеру бойынша оператор ретінде белгіленген "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В." құрамына бірнеше компания кіреді. Олар - "Аджип Каспиан Си Б.В.", "CNPC Қазақастан Б.В.", "ЭксонМобил Қазақстан Инк.", "Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд.", "ҚМГ Қашаган Б.В.", "Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В." және "Тоталь ЭиП Қазақстан". 

Дереккөз: tengrinews.kz

23 сәуір 2014, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.