Атырау, 19 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Демократиялық құндылықтар дарымаған ел құрулы тұзаққа түсті". "Бұл жерді қазақтан «азат» еткісі келетіндер бар". «Украина дағдарысы Қазақстанды да шарпып өтеді»."Қырым сепаратистерінің құны қанша?".

2 263 просмотра

ABAI.KZ. «Демократиялық құндылықтар дарымаған ел құрулы тұзаққа түсті» - Еуразиялық экономикалық Одақтың негізін құрушылардың бірі – Украина «ескі құрлықтық демократияға» шұғыл бетбұрыс жасай алды. Ал біздер ше?!.

SERKE.ORG. «Аңыз Автомобиль». Жарылқап Қалыбайдың қулығы» - Мына суретте - «фашизмді насихаттады» деп жан-жақтан айыпталып жатқан «Аңыз адам» журналы редакциясының көлігі. «Аңыз адамның» қожайыны әрі бас редакторы Жарылқап Қалыбай осы көліктің көмегімен баспаханадан басылып шыққан журналдың жаңа нөмірлерін аймақтарға (вокзалдар арқылы) жібереді, Алматыдағы газет-журнал дүңгіршектеріне жеткізеді...

ALASHAINASY.KZ. «Гитлердің елесі кімдерді елеңдетіп отыр?» - Алматыдағы 28 Панфиловшылар саябағында біртоп совет-ауған соғысы ардагерлері 25 мың данамен тарайтын «Аңыз адам» журналын жауапқа тартуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді. Ардагерлер басылымның Адольф Гитлерге арнайы нөмір арнауына қарсылықтарын «Аңыз адамды» жағып жіберу арқылы көрсетті. Ал, түстен кейін «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының жетекшісі Жарылқап Қалыбай журналистерге арнап баспасөз мәслихатын берді.

QAMSHY.KZ. «Болат Мүрсәлім: Алаштың аз насихатталуына қазіргі ұлтсызданған билік кедергі» - Интернет-конференцияның кезекті қонағы журналист Болат Мүрсәлім “Қамшы” оқырмандарының сауалына жауап берді. Сұрақтардың негізгі арқауы - бүгінгі журналистика, Алашорда тарихы, шетелдегі қазақ тағдыры жайында өрбіпті.

ZHEBE.COM. «Бұл жерді қазақтан «азат» еткісі келетіндер бар» - Олар өздерін «Қазақстанның халық азаттық  қозғалысы» деп  атапты. Соңғы күндері  аса белсенділік танытып жүр. Бірақ, біз олардың кімді кімнен азат еткілері келетіндіктерін түсіне алмадық.

NUR.KZ. «Украина дағдарысы Қазақстанды да шарпып өтеді» - Ресейге жаңа санкциялар салынған жағдайда Астанаға мұнай экспортының жаңа маршруттарын іздеуге тура келеді. Бірақ Украина дағдарысы қазірдің өзінде экономиканың кейбір салаларына әсер етті.

AZATTYQ.ORG. «Қырым сепаратистерінің құны қанша?» - Қырымның Ресей тағайындаған үкіметі түбектегі сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізуге уәде беріп келе жатқалы бір айдан асты.

TENGRINEWS.KZ. «Қазақстандық байлардың көшін Болат Өтемұратов бастады» - Президенттің Іс басқармасын басқарған Болат Өтемұратовтың байлығы қазір 2,2 млрд долларға жеткен.

23 сәуір 2014, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.