Атырау, 24 сәуір 19:20
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы болып Мәсімов тағайындалды

2 769 просмотра

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов тағайындалды деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

"ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 9 сәуіріндегі №329 Қаулысына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы болып ҚР Премьер-Министрі Кәрім Кәжімқанұлы Мәсімов тағайындалды, ал Серік Нығметұлы Ахметов ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалуына орай Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды",-делінген хабарламада.

Осылайша, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесі келесі құрамда бекітілді.Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы – ҚР Премьер-Министрі;Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;Исекешев Әсет Орынтайұлы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі;Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі;Досаев Ербол Асқарбекұлы – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;Ерғожин Дәулет Еділұлы –ҚР Президент Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы; Тәуелсіз директорлар: Клаус Мангольд, Томас Миров, Филип Йео.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингтің мақсаты – экономиканы диверсификациялауға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту, өзінің еншілес компанияларында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдингтің жарғылық капиталына «Қазақстан Даму банкі» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Қазэкспортгарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ, «KazynaCapitalMenegmant» АҚ, «Стресстік активтер қоры» АҚ сынды мемлекеттік қаржы институттары берілген.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

23 сәуір 2014, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.