Атырау, 29 наурыз 17:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түркіменбасы әкесіне орнатқан ескерткіш алынып тасталынды

2 331 просмотра

Ашхабадта Түркіменстанның экс-президенті Сапармұрат Ниязовтың (Түркіменбасы) әкесі Атамұрат Ниязовқа орнатылған ескерткіш алынып тасталынды деп хабарлайды "Хроника Түркіменстана". 

Ескерткіш ел астанасындағы Чехов көшесінде орналасқан болатын. Оның ашылу рәсімі Ниязовтың қатысуымен 2001 жылы орын алған.
Әзірге нысанның не үшін алынып тасталынғаны белгісіз. Кейбір деректерге сүйенсек, ескерткішті Атамұраттың туған ауылы Қыпшақ елдімекенінде қайта орнатылуы мүмкін.
Айта кетейік, Атамұрат Ниязов Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған. КСРО құлап, ұлы Сапармұрат таққа отырғаннан кейін оған Түркіменстанның батыры деген атақ берілді. Сондай-ақ, оның атымен аталатын елдің шығысында қала да бар. Ал, 2004 жыл Түркіменстанда Атамұрат жылы деп аталынды.

Дереккөз: Baq.kz

22 сәуір 2014, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.