Атырау, 24 сәуір 07:33
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Қазақстандық байлардың көшін Өтемұратов бастады». «“Путлер” мен Гитлердiң ара-жiгiн айыру дау тудырды - видео». «Айдос Сарым: «Аңыз адам» журналында даурығатын ештеңе жоқ». «Оралманның азаматтық алу мерзімі қысқармақ». «Сүрбойдақтардың саны қанша?».

1 688 просмотра

ZHASALASH.KZ. «“Путлер” мен Гитлердiң ара-жiгiн айыру дау тудырды - видео» - Ж.Қалыбай журналда Гитлердi насихаттайтын, оның саяси ұстанымын дәрiптейтiн мақала жазылмағанын айтып, ресейлiк ақпарат құралдарының “Аңыз адамда” не жазылғанын оқымай тұрып, дабыраға салып хабар таратуын, қазақстандық “КТК” телеарнасының негiзгi оқиғаны бұрмалап көрсетуiн арандатушылық деп бағалады.

AZATTYQ.ORG. «Оралманның азаматтық алу мерзімі қысқармақ» - Қазақстан үкіметі сырттан көшіп келетін шетелдік қазақтарға қай облысқа орналасса да, оралман мәртебесін беру және азаматтық алу мерзімін бір жылға қысқарту туралы ұсыныс жасады.

«Қазақстанда жаппай улану көбейіп барады» - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан қазір жазатайым оқиғалардан, жарақат алудан және уланудан азаматтардың қайтыс болуы бойынша әлемде үшінші орында тұр. Бұл туралы жуырда Қазақстан денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

EGEMEN.KZ. «Юлия ДЕНИСЕНКО: Абайлаңыз: дін атын жамылған зиянкестер!» - "...барлық сектаның көздеген мақсаты тек ақша мен билік деп айтуға негіз бар. Мен ең қауіпті секта – қайсысының ықпалына түсіп кетсең сол болады деп айтар едім. Олардың бәріне «ұлт», «төзімділік», «зайырлы мемлекет» дегендер жат ұғымдар".

QAMSHY.KZ. «Айдос  Сарым: «Аңыз адам» журналында даурығатын ештеңе жоқ» - «Редакцияның нөмірді  сатылымнан алып тастауы  бекер-ақ болды. Егер кең түсінікте  алып  қарасақ, тырнақ  астынан кір іздеудің  керегі жоқ. Біздің дүкендерде Ресей баспалары шығарған Муссолини мен Геббельстің кітаптары  ашық,  заңды түрде  саталуда. Ғаламтордан “Майн Кампфты” еркін  жүктеп  алуға, «Лени Рифеншталь» фильмін  көруге  болады. Қай  орыстілді  журналист  бұған кінә тақты. Қаншама “жарыместер” Лимонов,  Жириновский секілді фашистік ұранмен шыққанда үнсіз қалды, тіпті  ақтауға  тырысты. Кім  қарсы  болды?», - дейді сарапшы.

TENGRINEWS.KZ. «Қазақстандық байлардың көшін Өтемұратов бастады» - Президенттің Іс басқармасын басқарған Болат Өтемұратовтың байлығы қазір 2,2 млрд долларға жеткен. Бұған дейін көш бастаған Владимир Кимнің байлығы 650 миллион долларға төмендеуіне байланысты ол кейінгі орынға ысырылды.

Екінші орынға ерлі-зайыпты Құлыбаевтар жайғасып, үшінші орынға 2013 жылы байлығы 500 млн долларға төмендеген Алиджан Ибрагимов тұрақтады. "Қазақмыстың" қожасы саналатын В.Ким төртінші сатыда.

NUR.KZ. «Орыс тілді БАҚ қай елдің мүддесін қорғайды?» - 28 панфиловшылар саябағында жиналған ауған соғысы ардагерлері мен қоғамдық қозғалыс белсенділері мұқабасына Адольф Гитлердің суреті басылған "Аңыз адам" журналын көпшілік көзінше өртеп жіберді. Ең қызығы басылымды аяусыз тескілеп, отқа орағандардың бірі НКВД формасын киіп алған екен деп хабарлайды 31 арна.

"Совет одағына фашистер тиіспесін!" деп ұран тастаған олар "журналды оқыдыңыздар ма?" дегенге жауап та бермеді. 

ALASHAINASY.KZ. «Сүрбойдақтардың саны қанша?» - Мамандар соңғы жылдары отбасын құрған еркектердің қатары 6 есеге дейін төмендеп кетті деп дабыл қағуда. Қазіргі жастардың 30-40 пайызы отау құруға құлықты емес. Олар үшін отбасын құру емес жан бағу бірінші кезекке шықты. Әуелі материалдық жағдайды ойлайтын олар тұрмыс құруға келгенде тізгінді тарта тұруды жөн көреді. Жастардың отау құруына ынталы еместігіне бірнеше мәселелер басты себеп. Жалақының аздығы, баспананың болмауы, материалдық жетіспеушілік... Қыздардың көпшілігі ілім қуып, жастық шағын сарп етсе, жігіттердің дені материалдық жағдайын түзеп алайын деп уақыт өткізіп алады.

AIKYN.KZ. «Қазақстанда кемтар жандар неге көп?» - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау мекемесі қарапайым қазақстандықтарға қамқорлық пен жанашырлық танытудың орнына, жер-жебіріне жетіп ұрысады екен.

Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/310863.html

22 сәуір 2014, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.