Атырау, 18 сәуір 12:38
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Оқушылар, тұрыңдар, сот келе жатыр!

3 289 просмотра

Атырау қалалық прокуратурасында меншікке қарсы қылмыстар бойынша ведомоствоаралық кеңес өтті. Оған қалалық әкімдіктің, ТКШ-нің, тұрғын үй инспекциясының, ПИК пен құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.

МЕКТЕПТЕГІ ҚЫЛМЫС

Бірінші тоқсанда облыс орталығында 1415 қылмыс жасалған. Оның басым бөлігі – 1118-і – меншікке қарсы қылмыстар. Көп бөлігін ұрлық құрап отыр - 728, соның ішінде 216-сы ұялы телефон мен 167-сі пәтер ұрлығы. Прокуратура өкілдері 18 жастан төмен тұлғалар жасаған ұрлық саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға дерлік көбейген. Жалпы қылмыс жасау «жасарып» барады. Өткен жылы, мәселен, мектептерде 90 қылмыс жасалған болса, кей жағдайда зардап шеккен балалар дене жарақатын алған. Үлкендер өздерінен кіші оқушыларды қорқытып ақша мен заттарын (ұялы телефондар, планшеттер және т.б.) тартып алады. Тіпті жасөспірімдердің көпшілігі өз әрекеттерінің қылмыстық жазаға тартылатындығын ұғынбайды. Атырау облыстық покуратурасының 2-ші басқармасының бастығы Б.ЕСЕНГЕЛДИНОВ профилактика үшін жоғары сыныптарда көшпелі сот процесстерін өткізуді ұсынды. Мұндай әдіс Алматы мен Астанада қолданылуда.  

Бүкіл ұрлықтың үштен бір бөлігінен көбі ұялы телефондардың еншісінде.

- Ұялы операторларға зардап шегушілердің тиісті өтініші бойынша ұрланған телефондарды блоктауға мүмкіндік беру ұсынысы әлденеше рет талқыланды. Алайда 2012 жылдан бастап бұл мәселе заң жобасына енгізілсе де, сол күйінде қалып қойды, - деп атап өтті Б.Есенгелдинов.

Қылмыскерлер үшін тағы бір «алаң» қалалық маршруттар мен кез келген жерде қойылған көліктер болып табылады.

- Маршруттарда әрекет ететін ұрыларды біз хаттама толтырғаннан кейін сотқа дейін босатып жібереміз, ал олар қайтадан өз кәсіптеріне оралады. Атырауда көлік қоятын ресми орындар саны бар болғаны -  12, көбінесе автоәуесқойлар өз көліктерін кез келген жерге қоя салады. Таңертең келіп, дөңгелектерінің жоқ екендігін, әйнектерінің сынғанын, магнитоласының ұрланғанын біледі. Ұрылар базарда да ұрлық жасайды, бірақ егер рейдпен шықсаң, шағын және орта бизнес жұмысына кедергі келтірген болып есептеледі, - деп қынжылыс білдірді Атырау қалалық ІІБ бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

«ХРУЩЕВКАДА» ҚАНДАЙ КОНСЬЕРЖ?

Прокуратура соңғы бірнеше жылдағы қылмыстың алдын алу жөніндегі барлық ұсыныстарға талдау жүргізіп, солардың көп шығындарды қажет етпейтін бірнешеуін таңдады. Мәселен, подъездердегі бақылау камералары немесе консьерждер.

- Белгілі бір қылмыстары бойынша сотталғандарға сауал жүргізген кезде қылмыскерлердің көпшілігі үшін подъездерде бақылау камераларының болуы – оларды сескендіретін фактор екендігін көрсетті, - деп дәйек келтірді прокуратура өкілі. Алайда ПИК төрағалары көппәтерлі үйлерді бейнеаппаратурамен жабдықтау, сондай-ақ консьерж тарту идеясына ол үшін орын да, ақша да жоқ деп,  күмәнмен қарады.

- Бақылау камерасы үшін серверлік орынжай, басқару пункттері болуы қажет, ал біздің үйлерде бүкіл орынжайлардың барлығы бос емес, соның ішінде жеке құрылымдар да орналасқан, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ. Ол прокуратура мемлекеттік және жеке баспана үшін мұндай талаптардың заңдылығына құқықтық баға бергеннен кейін, құрылысшыларға сәулет-жобалау тапсырмасына қажетті орынжай енгізу қажет дегенді ұсынды. Термомодернизация жүргізген кезде ескі үйлерді бақылау камераларымен жабдықтауға болар еді, алайда тұрғындар бұған ақша жұмсағылары келер ме екен, белгісіз.

Қарағаевтың пікірінше, автобустарда бейнетіркегіштерді орнату, өкінішке орай, аса бір нәтиже бермейді екен: аппаратура тек жүргізушінің кабинасына ғана орнатылады. Осыны білетін қалта ұрылары электронды терезеден шалғай әрекет етеді. Есіктің орта немесе артқы есігінің маңына бейнетіркегішті орнату орынсыз, оны жұлып тастауы мүмкін.

Өз ұсыныстарын мәлімдеген тараптар оларды жұмыс тәртібімен талқылау үшін үзіліс жасады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

22 сәуір 2014, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.