Атырау, 25 сәуір 21:25
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сирияда президенттік сайлау маусымда өтетін болды

1 744 просмотра
Сириялық парламент спикерінің хабарлауынша, елде үш жылға созылған азаматтық соғысқа қарамастан, президенттік сайлау маусымның үшінде өткізіледі. Бұл жайында Мұхаммад Джихад әл-Лахам Дамаскте парламенттің арнайы сессиясында мәлім етті.

Өткен аптада Президент Башар Асад үкіметтік күштер сириялық қақтығыста жеңіске жетуге жақындағанын айтқан болатын.
Айта кетейік, Сириядағы соғыстың салдарынан 150 мыңнан астам адам ажал құшып, миллиондаған азаматтар өздерінің үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

22 сәуір 2014, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.