Атырау, 20 сәуір 19:15
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Үш гол да аздық етті

2 077 просмотра

19 сәуірде «Атырау» футбол командасы «Таразға» қонаққа барды. Есеп 3:3 есебімен тең аяқталды.

Ойынның 30-шы минутында «Атыраудың» камерундық легионері Ги Эссаме есеп ашты. 56-минутта алаң иелері қарымта гол соқты (Тимур Досмағанбетов). 60-минутта қонақтардың жартылай қорғаушысы Савио Нсереко керемет комбинацияны баспен дәл соққы жасап, өз командасына бір ұпай алып келді – 2:1. Арада 8 минут өткеннен кейін алаңдағы ойыншыны ауыстырған «Тараз» командасының шабуылшысы Мұрат Тілешев есепті тағы да теңестірді. Алайда «Атырау» сырт алаңдағы тең есепті місе тұтқысы келмейді – 88-минутта Эссаме дубльдің авторы атанды. Өкінішке орай, жеңісті сақтап қала алмадық: ойын аяқталуға санаулы секундтар қалғанда «Тараз» ойыншысы Йован Голич бұл тартысты ойынның нүктесін қойды, есеп – 3:3. 7-турдан кейін «Атырау» турнир кестесінің 4-орнында тұр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 сәуір 2014, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.