Атырау, 18 сәуір 08:58
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Қашаған бойынша жабық мәжілісте “түк шешілмеді”». «Женева келісіміне күдік басым, үміт аз». «Путин: "Ешкім ешкімді қыспаққа алған жоқ"». «Жарылғап Қалыбай 12 жылға соттала ма?».«Достастыққа күмән туды немесе Ресейдің ыдырау тарихы басталды».

1 754 просмотра

AZATTYQ.ORG.    «Қашаған бойынша жабық мәжілісте “түк шешілмеді”» - Алып мұнай кенішінен мұнай өндірудің тоқтап қалуына арналған үкіметтің жабық мәжілісі туралы әлі жөнді ақпарат жоқ. Ақау шыққан құбырларды ауыстыру жобаның шығынын көбейтуі мүмкін.

«Гитлерге нөмір арнаған журнал жазаға тартылуы мүмкін» - Әйгілі адамдар туралы жазатын қазақтілді журнал шығарушысына Адольф Гитлерге арнаған нөмірдегі екіұшты комментарийлер үшін қылмыстық жазаға тартылу қаупі төнді.

«Женева келісіміне күдік басым, үміт аз» - Украина дағдарысын Женевада талқылаған Ресей, АҚШ, ЕО және Украина өкілдері жағдайды тыныштандыру жолдарын белгіледі. Азаттық тілшісі құжатты шолып шығып, іске асуы мүмкін және орындалуы қиын тұстарын анықтады.

«Сноуден Путинге сұрақ қойды» - АҚШ-тың ең танымал бұрынғы тыңшысы СССР КГБ-сінің ең танымал бұрынғы қызметкеріне сауал қойды. Кейбіреулер оны «ресейлік насихаттың бір қыры» санайды.

«Ресейлік профессор манипуляция мақсатын айтты» - Ресей Украина дағдарысына қатысты үнемі жалған ақпарат таратып келеді. Мәскеудің беделді институтының профессоры халықтың неліктен оған сенетінін түсіндірді.

ABAI.KZ.   «Ұлтсыздану фрагменттері: өле берем-ау осы...» - Аз тыңдаған соң мейірленіп қарап отырған мен пақыр шамдана бастаймын. Неге шамданбаймын, тіліміз бар емес пе өзіміздің?

ALASHAINASY.KZ.   «Ақша жұмсауда алда, сапа бойынша соңында» - Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингіне сәйкс, 2013 жылы Қазақстан тас жол төсеу бойынша 144 елдің арасынан 117 орынды қанағат тұтқан.

«Жалған дипломмен жалғанды жалпағынан басып жүрген балабақша директорлары» -  Балабақшалардағы былық-шылық тыйылмай тұр. Жақында Шығыс Қазақстан облыстық прокуратура органдары мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне тексеру жүргізіп, 690 заң бұзушылықты анықтаған көрінеді.

TURKYSTAN.KZ.    «Путин: "Ешкім ешкімді қыспаққа алған жоқ"» - Сәуірдің 17 күні Ресей мемлекетінің президенті Владимир Путин  2001 жылдан бастап дәстүрге айналған жыл сайынғы тікелей эфир  арқылы  өтілетін баспасөз-мәслихатын  өткізді.

«Жарылғап Қалыбай 12 жылға соттала ма?» - Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желіде ең көп талқыланған тақырыптың бірі – «Жұлдыздар отбасы» журналының «Аңыз адам» қосымшасына жағылған жала, тағылған айып.

«”Заман-айлатқан” зардаптар» - Экологиялық сана мен экологиялық тәрбие, дәстүрлі экологиялық таным мифтік болмыстық түйсіктерден нәр алатын, ұлттық құндылықтармен тікелей тамырласып жатқан, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыратын күретамырлы арна болып табылады.

MAIDAN.KZ    «Достастыққа күмән туды немесе Ресейдің ыдырау тарихы басталды» - Путин бастаған Ресей украиналық Қырымды өз қатарына қосамын деп, әлемдік деңгейдегі белгілі күштердің құрған тұзағына түсті.

«Алтын күн астындағы алтынсыз ел» - Әлемдік нарықтың бойына жүгірген күре тамырындағы қан сынды құнды көк қағазға біз шынында сенетін бе едік? Әуелі осы тұрғысында ойланып көрген болатынбыз.

21 сәуір 2014, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.