Атырау, 29 наурыз 03:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау облысында Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті (+Брифинг, ФОТО, ВИДЕО)

7 201 просмотра

Бүгін, 19 сәуірде, астаналық уақыт бойынша шамамен сағат 18-де Атырау облысының аумағында Алматы-Атырау бағытындағы №041Т жолаушылар пойызының соңғы екі вагоны рельстен шығып кетіп, аударылған.

Оқиға болған жерден ұялы телефонмен хабарласқан куәгер төтенше жағдайдың Сағыз бен Жантерек стансаларына жақын жерде орын алғанын хабарлады. Состав Атырауға бүгін кешкісін астаналық уақытпен сағат 21.10-да келуі тиіс еді. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ, бірақ түрлі жарақаттар мен аяқ-қолдары сынып, зардап шеккендер бар. Жолсеріктер алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде. ІІД-нің, ТЖ-ның жедел топтары мен медиктер бригадасы оқиға болған орынға жетті.     

Екі вагонның рельстен шығып кету себебі белгісіз, Атырау облысы бойынша көлік прокуроры Болат ҚАЛЫҚОВ әзірге түсініктеме бермей отыр.

Нақтылап айтсақ, №041Т және №041Х (кері Атырау – Алматы бағытындағы) пойыздарын осы бағыт бойынша жүретін «испандық» анағұрлым жүрдек пойызбен шатастырмас үшін ауызекі тілде «қытайлық» пойыздар деп атайды.

«АЖ»-ның меншікті тілшісі Ләззат ҚАРАЖАНОВА бұл уақытта Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бекнұр ӘЖІҒАЛИЕВТАН келесі ақпаратты алып үлгерді: апатқа ұшыраған пойызда 746 жолаушы болған, 2 адам ауыр жарақат алып, Миялы селосынан көмекке «жедел жәрдемнің» 3 көлігі жіберілген. Жергілікті «ҚайнарМұнайГаз» кәсіпорны бүкіл жолаушыларды Мақатқа (аттас ауданның әкімшілік орталығы және ірі теміржол торабы, ол жерден Атырауға дейінгі қашықтық 120 км) тасымалдау үшін 7 автобус жіберді.

Біздің жорамалымыз бойынша, рельстен шығып кеткен 7 вагонның 5-уі теміржол төсемінің бойында тұрып алған. Сондықтан біздің бейресми дереккөзіміз тек аударылған 2 вагон туралы ғана хабарлаған. Әзірге апат бригадалары мен басқа қызметтердің ТЖ себебін анықтап, бүкіл құрамның техникалық ахуалын тексермейінше, оның іске қосылмайтыны түсінікті. Таяу күндерде Атырау – Алматы бағытындағы пойыздар кестесіне бұл оқиға көп әсер ете қоймас деп үміттенеміз.  

***

Бүгін, 20 сәуірде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мен Атырау облыстық әкімдігі брифинг өткізіп, пойыздың апатқа ұшырау салдары туралы алғашқы мәліметтерді жария етті.

Облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ баяндағандай, 19 сәуірде сағат 17.55-те Қызылқоға ауданында «Алматы-Атырау» бағыты бойынша жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Вагон құрамы 19 вагоннан құралған, оның 16-сы жолаушылар вагоны. Барлығы рельстен 13 вагон шығып кеткен, оның 7-уі бүйірлеп қалған. Құрамда 586 жолаушы мен 26 жолсерік келе жатқан.

Оқиға орнына облыстық ТЖД және басқа қызметтің мамандары мен техникалары, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның 2 қалпына келтіру пойызы, жолаушыларды эвакуациялауға арналған 15 автобус, медқызметкерлер, облыстық ІІД-нің 160 қызметкері жеткізілген.

Жергілікті биліктің мәліметтері бойынша, зардап шеккен 26 жолаушы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, оның 6-уы ауруханаға жатқызылып, қалғандары алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығып кеткен. Едәуір зақым алған жолаушылар түнде аудандық ауруханадан Атырауға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 1961 жылғы жолаушы басы мен бетінен едәуір зақым алған, екінші жолаушының қабырғалары сынған. Осы екі әйелге операция жасалыпты. Қазір олардың жағдайлары тұрақты ауыр күйде. Оқиға орнынан ТЖМ-нің екі тікұшағымен тағы 8 адам: бес ересек пен үш бала (ең кішісі бір айлық сәби) сағат 22.30-да облыстық ауруханаға жеткізілді. Төрт ересек адам ауруханаға жеткізілді, анасы мен сәби тексеруден өткен соң үйлеріне оралды, басқа балалар да зақым алмаған. Барлығы 33 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Апат нәтижесінде 9 жолаушылар және 34жүк пойызы кешікті. Апат салдарын жоюға және бүлінген жолдарды қалпына келтіруге 12 сағат уақыт кетті. 325 метр жол ауыстырылды. Пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілді.

Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, апат қатты жүріспен келе жатқанда орын алған. Апат ауқымын ескерсек, құрам ондаған метр жерге шашылған, вагондар қирап, дөңгелектің белағашы жұлынған. Ғажайыптың күшімен адамдар аман қалған. Апат елді мекеннен едәуір қашықтықта, далалықта орын алды. Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, алдымен Шымкенттен Атыраудың шекара жасағына келе жатқан әскер қатарына шақырылғандар оқиғаға баға беріп, көмекке келген. Содан соң сол аудандағы «ҚайнарМұнайГаз» кәсіпорнының автобустары мен қызметкерлері жетіп, адамдарды шұғыл арада қауіпсіз жерге көшірген.

Төтенше жағдай себептері мен зиян сомасы туралы тексеру нәтижелері бойынша хабарланатын болады. Әдетте, бұған үш күн уақыт кетеді.

 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 сәуір 2014, 00:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.