Атырау, 28 наурыз 21:50
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Денесін қабыршақ басқан қызылордалық балғынға 2 500 000 теңге жиналды

1 937 просмотра

Қызылордалық бес жасар балғын ихтиоз дертінің сирек түрімен ауыратыны қазақстандық БАҚ-та талай жазылды. Осыдан кейін баланың жағдайына бей-жай қарай алмаған Қазақстандықтар қаржылай көмек жинай бастады.

Сөйтіп көптің көмегімен 2 500 000 теңге жиналды. Қазір денесін қабыршақ басқан Жасұлан Қорғанбектің денсаулығы оңала бастады, деп хабарлайды "7-арна".

Қазір Жасұланды Алматыда тері-венерологиялық институт мамандары тексеруде. Ал анасы жақын күндері ұлын шет елдік дәрігерлерге қаратпақ. Балғынның тері-венерологиялық институтына келгеніне небәрі үш күн ғана болса да, денесінің 50 пайызы қабыршақтардан тазарған.

Ал Жасұланның анасы алматылық дәрігерлердің емдеу әдісі бұрынғыдан өзгеше екендігін аңғарған. Егер әу бастан осылай емдегенде балам дертінен құлан таза айығып кетер ме еді дейді ана жүрегі.

Енді Ұлбибі баласын әзірбайжандық мамандарға апарып емдетпек. Онда дәрігерлер ихтиозды нафталанды мұнаймен емдейді екен. Жиналған екі жарым миллион теңгені осы емге жұмсаймыз дейді жас ана.

Әлемдік медицинада ихтиоздың мұндай түрі өте сирек кездеседі екен. 200 мың адамның ішінде біреуі осындай дертке шалдығады. Қазір Жасұланның отбасы шетелдік дәрігерлерге көріну үшін әлі де қаражат жинастырып жатыр.

Көмек көрсетемін деген қайырымды жандар болса Жасұланның анасының есеп шотына ақша аударуға болады.

Дереккөз: nur.kz

18 сәуір 2014, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.