Атырау, 19 сәуір 02:58
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

БҰҰ Бас хатшысы Украина бойынша келісімді құптады

1 969 просмотра

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Женевада қол жеткізілген Украина бойынша келісімді құптады және барлық тараптардан талаптардың орындалуын күтетінін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы атынан таратылған хабарламада "келісімге қатысушылар - Ресей, Украина, АҚШ, ЕО өзара келісімге келіп, дағдарысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған нақты да шұғыл қадам жасады", - делінген.

БҰҰ Бас хатшысы тараптардан алға оң қадам жасай отырып, өздерінің байыпты пиғылдарын көрсетіп, дағдарысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған Женева хаттамасын мүлтіксіз орындауды күтетінін жеткізді.

Естеріңізге салса кетсек, 17 сәуір күні Женевада украиналық дағдарысты шешу мақсатында Ресей, Украина, АҚШ, ЕО өкілдерінің қатысуымен келіссөз өткен болатын. Келіссөз нәтижесінде Украинадағы шиеленіскен жағдайды реттеу бойынша құжат қабылданды.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 сәуір 2014, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.