Атырау, 25 сәуір 06:56
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

АҚШ-та Джохар Царнаевтың хаты жарияланды

2 191 просмотра

АҚШ-та Джохар Царнаевтың хаты жарияланды. Ол бұл хатты полиция тұтқындардың алдында жазған. Бұл туралы АВС телеарнасы хабарлады. Түсірілімде оқтың іздері бар және мәтіннің кейбір бөліктері оқылмайды.

«АҚШ билігі біздің кінәсіз азаматтарымызды өлтіріп жатыр, сіздердің көпшілігіңіз мені осындай жағдайдың жазасыз қалып отырғаны қынжылтанын білесіздер. Біз, мұсылмандар - бір адамдаймыз. Бір адам өлсе, бәріміз қиналамыз», - делінген хатта.

Фотосуретте, сонымен бірге, қызыл іздер көрінеді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ол қан іздері болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Джохар Царнаев 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондағы марафон кезінде лаңкестік ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Онда жарылыс кезінде 3 адам қаза болып, 260-тан астам адам жараланған еді. Тергеу деректері бойынша, Джохар бұл қылмысты өзінің ағасы 26 жастағы Тамерланмен жасаған. Ал ол ұстау операциясы кезінде өлтірілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 сәуір 2014, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.