Атырау, 29 наурыз 06:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Әблязовты саяси баспанадан айыруға реакция».«Ұлттық компаниялар бизнес жоба ретінде қарастырылмауы тиіс». «Украина дағдарысы «Кариб дағдарысын» еске түсіреді». «Баға өскенімен, инфляция шегінді». «Шетелден қарыз алуды азайту қажет».

1 794 просмотра

AZATTYQ.ORG.    «Әблязовты саяси баспанадан айыруға реакция» - Қуғындағы оппозициялық тұлға, олигарх Мұхтар Әблязовтың саяси босқын статусы жойылуы мүмкін деген хабарды қазақстандық құқық қорғаушылар мен саясаткерлер «өте өкінішті жайт» деп сипаттады.

«Азық-түлік себетін 2017 жылы қайта қарауы мүмкін» - Қазақстанда азық-түлік себеті құрамы ұзақ уақыт бойы - тоғыз жылдан бері жаңартылмаған. Ол жаңадан бекітілсе, ең төменгі күнкөріс мөлшерін де көбейтуге тура келеді.

ABAI.KZ.   «Ұлттық компаниялар бизнес жоба ретінде қарастырылмауы тиіс» - Ұлттық компания мемлекеттің бюджетінен қаржыландырлып отырған мемлекеттік ұйым.

«Украина дағдарысы «Кариб дағдарысын» еске түсіреді» - Бейбітшілікке тағы бір қауіп төнді. Бұл қауіп халықтың емес, саясаткерлердің өктемдігі мен мемлекет басындағылардың парасатсыздығынан орын алуда.

MAIDAN.KZ    «Қор болғың келмесе, қорыңды қайтар!» - ...Соңғы Жұманың мүбәрәк күні Елбасы етек-жеңін жиып, еңсесін тіктеп алған шенеуніктер мен іскерлерді жиып, мәселені төтесінен қойды. Сөздің тоқетері:«Қазақ қазынасынан қымқырып, шетелге тыққан қыруар қаржыларыңды жақсылықпен елге қайтарыңдар.

AIKYN.KZ   «Баға өскенімен, инфляция шегінді» - Бір қызығы – Статистика агенттігінің мәліметі бойынша ақпандағы девальвация инфляцияның төмендеуіне оң ықпал жасаған.

«Медиафраншиза: қазақстандық балама» - Бүгінде заманауи телевизия өз дамуында жоғары қарқынға ие. Телеарна басшылары жасалып жатқан «телеөнімдердің сапалы болуының нәтижесінде рейтинг қажет деңгейде, сәйкесінше кіріс те қомақты» екенін айтады.

«Арзан үйлер қайда кетті?» - Арада біршама уақыт өтсе де жалға берілетін пәтерлердің төбесі көрінер емес. Үйлі болудың оңай жолы ретінде таңдалып, қаншама жұрттың үмітін оятқан Үкіметтің сол бағдарламасының бүгінгі халі нешік?

«Шетелден қарыз алуды азайту қажет» - Сенаторлар қазақтың жерасты қазынасын қазып-көсіп алып жатқан инвесторларды «отырықшыландыруды» ұсынады. Әйтпесе, олар бір жердің қазба байлығын тұтынады бірақ басқа өңірде тұрады, сөйтіп екі ортада үнемі сабылып, көшіп жүреді.

QAMSHY.KZ    «Банкке қолды салғаны, Ресейдің жаулап алғаны» - «Қазақстанда Ресейдің үш банкі – “Сбербанк”, ВТБ және “Альфа-банк” енді еншілес бөлімшелері арқылы жұмыс істейді.

SHYN.KZ    «Кеден Одағы: неден ұттық, неден ұтылдық?» - Соңғы бірнеше жылда Кеден Одағы аясында жүзеге асырылған өзара сауда мен бизнесті ұйымдастыру тәсілдері оң нәтиже беріп, тұтынушыларға жеткізілген дайын тауарлар көлемі күрт көбейді.

ALASHAINASY.KZ.   «"Ажека", "аташка" - ата-әжені "бұрышқа тықты"» - Қазақтың қоғамында салт-дәстүр, әдет-ғұрып арқылы өмірдің өзі туындатқан әдемі әлеуметтік  институттары болған.

«Қазақ әйелі неше жасқа дейін босана алады?» - Қазіргі таңда босану жасындағы жолы жіңішке жандардың денсаулығы жайында ойланатын болдық.

18 сәуір 2014, 08:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.