Атырау, 20 сәуір 13:44
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Біреудің табытын табалау ма?

2 694 просмотра

Ресей мен Украина арасындағы ақпараттық соғыстың жарқыншағы Атырауға да тиіп кетті.

Патриоттық бағыттағы украиналық сайттардың бірінде атыраулық фотожурналист Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ түсірген фотосурет пайда болды. 2012 жылы 9 маусымда Атырау әуежайында түсірілген суретте АН-26 ұшағынан түсіріліп жатқан «Арқан-Керген» заставасында қайғылы жағдайда қаза болған шекарашылар мүрдесінің бөлшектері салынған үш табыттың бірі бейнеленген. Түпнұсқада табыт Қазақстан туымен жабылған, ал оның украиналық нұсқасында байрағымыз ресейлік триколормен ауыстырылыпты. Жалған суреттің астында «Ресейдің алғашқы ата-аналарын құттықтаймыз!» деп жазылған.

Украиналық сайттағы сурет тәулікке жетпейтін уақытта барлық белгілі әлеуметтік желілерге таралып, көптеген пікірлер тудырды. Қазақстандық интернет қолданушылар жасанды суретті бірден танып, әрине, өз наразылықтарын білдірді. Әлеуметтік желілердің басқа қолданушылары Украинаның оңтүстік шығыс өңірінде РФ әскерилерінің барлығына және арнайы операциялар кезінде ресейлік солдаттардың мерт болғанына куә болатын-мыс жалған ақпарға сеніп қалды.

- Мені осы фотосуретімді рұқсатымсыз пайдаланған жағдай қынжылтпайды. Мені осы ақпараттық соғыста біреудің қайғысын пайдаланып, менің жерлестерімнің, «Арқан-Кергенде» қаза болған қазақстандық шекарашылардың аруағын қорлағандары қынжылтады. Бұл фотомонтажды кім, қандай мақсатта жасағанын білмеймін. Бірақ бұл нағыз имансыздық.

Анастасия ПАСТУХОВА

17 сәуір 2014, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.