Атырау, 19 сәуір 21:25
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Атыраудың» жаңа эмблемасы

3 002 просмотра

Қаңтар айында клуб жаңа эмблеманың дизайнын жасауға қатысты байқау жариялаған еді. Екі айдың ішінде оның электронды мекенжайына 23 қатысушыдан 74 нобай келіп түсті.

«Атырау» ФК баспасөз атташесі Нұркен МЫРЗАҒАЛИЕВәңгімелейді:

-  15 сәуірде клуб директоры Асылбек Жүнтербаев, «Атырау» командасының бас бапкері Анатолий Юрьевич, команда капитаны Ренат Абдулин, ойыншы Валентин Чуреев және «WestSide» фан-қозғалысының көшбасшысы Андрей Кешишьяннан құралған арнайы комиссия үздік нұсқаны таңдады. «Атырау» жанкүйері Нұрлан ТАПАНОВ байқау жеңімпазы атанды. Оған 50 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық тапсырылатын болады. Әрине, Нұрлан клуб тарихына эмблеманың авторы ретінде жазылмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 сәуір 2014, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.