Атырау, 25 сәуір 10:52
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Географиялық бөліну тұтастығымызға қауіп төндірмей ме?». «Ресей банктерінің Қазақстанда позициясы күшейді». «Ресми БАҚ Еуразия Одағын дәріптеуді күшейтті». «Дос Көшім: “Беті ашылған” Ресей жан-жағындағыларды “жей” бастады».

2 796 просмотра

ALASHAINASY.KZ.   «Географиялық бөліну тұтастығымызға қауіп төндірмей ме?» - Соңғы уақытта Қазақстанның біртұтастығына қауіп төндіретін пікірлер көбейіп барады.

«Біздің шенеуніктер Маттеодан мәрттікті неге үйренбейді?» - Шенеуніктердің шетелдік қымбат көлік алулары сиреді деген Қаржы министрлігінің бұрнағы жылғы мәлімдеуі - асығыстық болған секілді.

«АҚШ-тың Қазақстаннан үйренері көп» - Осыдан 25 жыл бұрын елімізде қазақ жеріндегі ядролық сынақтардың зардаптарын жоюды мақсат еткен «Невада-Семей» қозғалысы құрылған болатын.

«Мектеп оқушылары шоқынып кетпесе игі...» - Оралдағы бастауыш сынып оқушылары «бір жыныстағылар махаббаты» туралы ертегі оқып жатыр дегенді естіген кезде жағамызды ұстадық.

AIKYN.KZ   «Сталин Еуропаны жаулап алмақ болды ма?» - Мамырдың 9 күні бұрынғы Кеңестік империяның жұртында отырған халық фашистік Германияны тізе бүктіруінің 69 жыл толғанын атап өтеді. Кеңестік елдің тілімен айтқанда – Ұлы жеңіс. Ұлы мереке.

«Табысыңызды жариялауға дайынсыз ба?» - 2015 жылға қарай Қазақстанда жалпы халықтық табыс декларациясын жариялау науқаны басталады.

AZATTYQ.ORG.    «Түрмедегі қысым туралы шағымды тексерту қиын» - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Петропавл түрмесін тексергенін хабарлаған кезде туыстары құқық қорғаушы Курамшиннің «қамауда соққыға жығылғанын» мәлім етті.

«Ресей банктерінің Қазақстанда позициясы күшейді» - Жергілікті банк жүйесі әлсіреген тұста Қазақстанды біртіндеп Ресей банктері жайлап барады. Бұл Қазақстанның қаржы секторында Ресей ықпалы күшейгенін білдіре ме?

«Ресми БАҚ Еуразия Одағын дәріптеуді күшейтті» - Сәуірдің 15-інде Қазақстан, Беларусь және Ресей премьерлері Мәскеуде Еуразия Одағы келісімінің жобасын талқылады. Келісімге қол қояр сәт жақындаған сайын қолдаушылар мен қарсылар да көбейді.

TURKYSTAN.KZ.    «Оқулық көп, олқылықтары тіпті көп» -  Қазіргі оқулықтардың тілі мектеп оқушысы түгілі, ересек адамдардың өзін шатастырады.

QAZAQUNI.KZ     «Дос Көшім: “Беті ашылған” Ресей жан-жағындағыларды “жей” бастады» - Бұл қақтығыстың соңы  неге  апаруы мүмкін? Және Ресейдің “№1″-ші одақтасы - Қазақстанға,  яғни біздің елге қандай әсері болмақ?

ABAI.KZ.   «Саясилануға жол жоқ» - Еуразиялық экономикалық одақ. Әлдекімдердің ерініп, бәлки, білмей жазып жүргеніндей Еуразиялық одақ емес. Үш тараптың да ресми билігі бұл одақтың ешқандай саяси бояуы жоқ екенін тоқтаусыз түсіндіріп келеді.

SKIFNEWS.KZ    «Түріктің қаңсығы – қазақтың таңсығы» - Осы жерде «бала – Қазақстандікі, мұғалім – Қазақстандікі, оқу бағдарламасы – Қазақстандікі, айдаладағы Түркияның, нақтысы Гүленнің басы неге ауырып жүр?» деген орынды сұрақ туады.

ULT.KZ  «ДСҰ, Кеден Одағы және бәсеке» - Кез келген экономикалық ұйымның мақсаты біреу ғана – ортақ нарық жасау.

ZHEBE.COM   «Бірі «жау» санайды, екіншісі «дос» тұтады» - Түркиядағы  жергілікті сайлаулардан кейін  саясаттағы позициясын әжептәуір күшейтіп алған Режеп Тайып Ердоған түрік ойшылы Фетхуллах Гүленді қаралауын тоқтатар емес.

17 сәуір 2014, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.