Атырау, 25 сәуір 01:04
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қауіпті құс

1 581 просмотра

Ресей және Белоруссиядан әкелінген бірнеше өндіруші компанияларға Қазақстанға құс етін әкелуге тыйым салынды.

Атырау қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Эльвира ОМАШЕВАНЫҢ айтуынша, Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасынан әкелінген «Смолевичи Бройлер» АҚҚ-ң, «Приосколье» ЖАҚ-ң, «Майкопский птицекомбинат» ЖАҚ-ң, «Курский Агрохолдинг» ЖАҚ-ң, «Урал Бизнес» ЖШҚ-ң құс еттерін Астанадағы санитарлы-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу кезінде сальмонеллез ауруын тудыратын бактериялар табылған.

Осыған байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 3 «Құстың етін өткізу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» қаулысына сәйкес аталған өндірушілердің өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салынып отыр.

Айнұр САПАРОВА

16 сәуір 2014, 20:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.