Атырау, 29 наурыз 01:10
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраулық балалар Венаны таңғалдырды

2 491 просмотра

Венада 7 жастан жоғары балалар арасында Magic stars of Vienna вокал, би, сурет, тәтті тағамдар әзірлеу және қолөнерден халықаралық байқау өтті.

Байқауға Аустрия, Ресей, Белоруссия, Қазақстан және басқа да елдерден келген жас дарындар қатысты. Бұл жерде Атыраудың намысын облыстық филармонияның «Дарын» хорының әншілері – «Тайжарыс» республикалық радио байқаудың үшінші жүлдесін алған Ақмарал АСЫЛАНБЕКҚЫЗЫ, «Айгөлек» республикалық байқауының жеңімпазы Бекжан ҚАПАНОВ, сондай-ақ, сахнаға жаңа шығып жүрген өте талантты әнші Арсен ЖОЛАНОВ қорғады.

Ақмарал мен Арсен сахнаға ұлттық киіммен шығып, Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВТІҢ «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» әнін керемет орындады.

- Балалар қобыз бен домбыра әуеніне қосыла шырқады. Залдағы көрермен жас әншілердің орындау шеберлігіне тәнті болды, - дейді «Дарын» хорының жетекшісі Алтын ЖҰМАТИНА. - Әділ қазылар алқасының төрағасы, белгілі аустриялық театр режиссері Манфред ЛОЙДОЛЬТ орнынан тұрып, біздің дуэттің таңғажайып табиғи дауысына қатты таңғалғанын айтты. Барлық әділ қазы мүшелері бізге ең жоғары баға қойды. Ақмарал мен Арсен бірінші орын алды.

Бекжан да жақсы өнер көрсетті. Ол Кеңес ДҮЙСЕКЕЕВТІҢ әніне, Шөмішбай САРИЕВТІҢ сөзіне жазылған «Сәлем, саған, туған ел!» әнін айтып, екінші орынды иеленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.