Атырау, 29 наурыз 21:02
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Императорға ат әбзелдерін жасаған

2 670 просмотра

Облыстық өлкетану музейі жәдігерлерінің арасында кезінде өлкемізге ғана емес, одан тысқары да аты әйгілі болған ҚАЛМҰҚАН ұстаға тиесілі еңбек құралдары өз орнын тапқан.
- Қалмұқан ұста 1881 жылы Нарын құмында дүниеге келген. Міне, оның мына ұста көрігі (суретте) ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген, - дейді облыстық музейдің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА. - Қалмұқанның арғы атасы Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында ұста болып жасаған. Ол бірде осы көрікті пайдаланып, «арнайы тапсырыс» орындайды – шебер Бірінші Николайға таққа отыруына байланысты Жәңгір хан тарту еткен ер-тұрман мен ат әбзелдерін дайындайды. Осы ер-тұрман мен шылбыр көп жылдардан бері Санкт-Петербург Эрмитажында сақталған. Ал ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұста көрігі мен басқа да құралдары бізде, Атырауда.

Музейдегі тағы бір назар аудартатын жәдігер – 1971 жылы Қызылқоға ауданының тұрғыны Ақсаным Құттыбаева тапсырған тас қайрақ. Бұл кезінде Жайық Тілеуке руынан шыққан Исатай Тайманұлының туысы Жүзбатыр Сартұлына тиесілі болған екен. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, дәл осы қайрақпен Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және басқа да батырлар өз қылыштарын қайраған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.