Атырау, 24 сәуір 01:02
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Өнерлі өрге жүзер

3 908 просмотра

Талдықорған қаласында өткен VІ республикалық пәндік олимпиададаАтырау университетінің «Музыкалық білім» мамандығының 3-курс студенті Айдана ИЖАПКУЛОВА «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәнінен жүлделі 3-орын алды.

Сонымен қатар, олимпиадаға осы мамандық бойынша қатысқан 2-курс студенті Самал АЛҚАБАЙ арнайы сертификатқа ие болды.

- Студенттеріміз олимпиадаға 2009 жылдан бері тұрақты қатысып келеді, - дейді музыка және өнер кафедрасының меңгерушісі Елизавета КОВАЛЕВА. – Мұндай сайыстардың студенттердің талантын ашып, оны ары қарай дамытудағы рөлі өте зор. Біздер жаңа оқу жылы басталған соң сайыстарға дайын-дықты бастап кетеміз. Жақында Атырауда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған конкурста вокал топтары сайысында Мақыш Гайсина жетекшілік ететін «Кварто» квартеті бас жүлдені жеңіп алды. Осы сайысқа қатысып, Ерекше Дипломға ие болған «Рауан» вокалды тобы енді сәуірде Ақтөбе қаласында өтетін халықаралық «Жұбанов көктемі – 2014» фестиваліне дайындық үстінде. Студенттеріміз, сонымен қатар, қалада ұйымдастырылатын шараларға белсене атсалысып, қайырымдылық концерттерін де өткізіп тұрады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.