Атырау, 23 сәуір 13:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Айыппұл төлейді

2 883 просмотра

– Қала көшелерінде ксенон шамдары, күңгірттелген әйнектері мен ықшамдалған серіппелері бар көліктер саны көбейіп кетті. Бұл жол қозғалысы ережесін бұзу болып табылмай ма?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мырзәлі ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

– Көлік құралдарын қайта жабдықтау, яғни, конструкциясын өзгерту немесе көлiк құралының конструкциясында көзделген жол қозғалысының қауiпсiздiгiне әсер ететiн құрамдас бөлiктер мен жабдықтау заттарын жол полициясының рұқсатынсыз орнату Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар мен жағдайлардың тізімінің 7.16-тармағын бұзу болып табылады. Осы заң бұзушылық үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚтК) 461-бабының 6-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған және 15 АЕК (2014 жылы 1 АЕК - 1 852 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Механикалық көлік құралы салонының желқағар немесе алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабынды жабыстыру Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар мен жағдайлардың тізімінің 7.3-тармағын бұзу болып табылады. Осы заң бұзушылық үшін ӘҚтК 461-бабының 4-тармағы бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Аталмыш бапта қарастырылғандай ҚР ЖҚЕ қайталап бұзу бір жыл ішінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сонымен қатар ҚР ӘҚтК-нің 58-бабының негізінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін жүргізуші емтихан тапсыруға жіберіледі. 

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзған 291 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.