Атырау, 20 сәуір 05:16
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жалған несие алған алаяқтар тұтылды

2 700 просмотра

Қалалық сотта алаяқтар тобын айыптау бойынша қылмыстық іс қаралуда.

 

Қала прокурорының аға көмекшісі Аманжол ҚОҢЫРОВТЫҢайтуынша, әлдебір қаланың азаматшасы 2006 жылы құрамында төрт адамы бар сыбайлас қылмыстық топ құрған. Топ құрамында «Kaspi Bank» АҚ Атырау филиалының сараптамашысы да болған. Олар банк клиенттерінің құжаттары бойынша ұялы телефондар сатып алу үшін несиелерді рәсімдейді. Ал, бұл клиенттердің түсіне де кірмеген, ақшаны олар өздеріне иеленіп кеткен. Бұл  топ жарты жыл ішінде осындай 37 әрекетке барған. Банкке келтірілген залал 9 миллион теңгеге бағаланып отыр. Алаяқтардың қылмысы банк қызметкерлерінің клиенттеріне қарыздары бар екендігі туралы хабарлаған кезінде ашылып қалды.  Енді сот «Алаяқтық» және «Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басшылық жасау» баптары бойынша қылмыстық істі қарайтын болады.

Лев ГУЗИКОВ 

9 маусым 2011, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.