Атырау, 25 сәуір 12:33
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Резерваттағы сенбілік

1 560 просмотра

21 наурыз бен 21 мамыр аралығында Атырау облысында «Табиғатты аялайық, болашақты сақтайық» ұранымен «Саябақтар маршы-2014» халықаралық экологиялық акциясы өткізіледі. 

Акцияның мақсаты – мемлекеттік табиғи қорықтар, резерваттар мен ұлттық парктердің өзекті мәселелеріне назар аударту. Оның аясында 12 сәуірде «Ақжайық» резерватының аумағында резерват қызметкерлері мектеп оқушыларымен біріге отырып сенбілік жүргізді, жағалауды тұрмыстық қоқыстардан тазартып, көшеттер отырғызды. 

«Ақжайық» табиғи резерваты аумағының жалпы көлемі 111,5 мың га-ны құрайды, ол жерде құстың 292 түрі, жануардың 48 түрі, балықтың 69 түрі және өсімдіктің 560 түрі өсіп-өнеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.