Атырау, 25 сәуір 20:15
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Байлығымыз қандай?

2 713 просмотра

2014 жылдың бірінші тоқсанында облыстың сыртқы сауда айналымы 7 млрд 976 млн долларды құрады. Экспорт құрылымы өзгеріссіз, басым бөлігі шикі мұнай мен сұйытылған газдың еншісінде.

Кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жалпы сыртқы сауда айналымында экспорт үлесі 95,8% (жалпы сомасы 7 млрд 643 млн доллар), импорт 4,2% (жалпы сомасы 332,5 млн доллар) құрап отыр. Экспорт, негізінен, Еуропалық одақ елдеріне шығарылады (78%).

Импорттың негізгі тауарлық топтарының ішінен газ жабдығын, механизмдер, көлік құралдары мен олардың қосалқы бөлшектерін, металдар мен олардан жасалған бұйымдарды, химия өнеркәсібінің өнімдерін атап өтуге болады. Импорт бізге тағы сол Еуропалық одақ елдерінен келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.