Атырау, 23 сәуір 22:04
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Мәжіліс бірінші оқылымда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң жобасын мақұлдады

2 584 просмотра

Парламент Мәжілісінде палата депутаттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. 

Заң жобасы рұқсат беру жүйесін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді пайдалана отырып реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, құжат негізінен еліміздегі кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, бизнесті жандандыруға, оның қызмет аясын кеңейтуге жұмыс істемек. Жалпы заң жобасында рұқсаттамалар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары қамтылып отыр. Атап айтқанда, ол бойынша тұтынушылар, кәсіпкерлер мен мемлекет мүдделерінің теңгерімі, рұқсат беру мен хабарлама жасау тәртіптерін енгізудің тиімділігі, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.

«Заң жобасы Қазақстандағы рұқсат беру жүйесінің проблемаларын шешуге бағытталған. Атап айтқанда, қолданыстағы рұқсаттамалардың толық тізбесі жасалады. Жаңа рұқсаттар беруді енгізуде реттеуші әсерлерді талдау қолданылады, рұқсаттар қауіптілік дәрежесі бойынша санаттарға бөлінеді», - деді Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, барлық рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырудағы бірыңғай стандартталған тәсілдерді бекіту және «жалғыз терезе» қағидаттарын неғұрлым кеңінен қолдану көзделген. Сонымен қатар, ендігіде бизнес үшін жаңа рұқсат Қазақстан Республикасының заңдары және Президент жарлықтарының деңгейінен төмен емес нормативтік құқықтық актілерімен рұқсаттар тізбесіне енгізу арқылы жүзеге асатын болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
16 сәуір 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.