Атырау, 19 сәуір 10:10
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мақатта ескі барақ үй құлап қалды

2 045 просмотра
Сәуірдің 13-нен 14-не қараған түнде Мақат кентінде 6 пәтерлік барақ үйдің бір қабырғасы құлап қалды. Зардап шеккендер жоқ.

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша бұл барақ үй 1904 жылы салынған, ал құжатта 1928 жыл деп көрсетілген. Саман тастан салынған барақта 18 адам тұрып жатқан. 

- Қазір онда комиссия жұмыс жасап жатыр. Баспанасыз қалған тұрғындарға үй жайы оң шешім тапқанша жатақханаға уақытша тұруға орындар бөліп отырмыз. Алайда тұрғындар ағайын, туыстарының үйне тұратын болып шешті, - дейді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Аслан ҚОСМАҒАМБЕТОВ. - Біз облысқа болған жайды жеткіздік, қаржы бөлінер деп отырмыз, онда оларға үй сатып алып бермекшіміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 сәуір 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.