Атырау, 24 сәуір 09:07
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Еуразиялық Одақ. Ресеймен Түркістан болып сөйлесуіміз керек". "Оңтүстік пен батыс келіншектеріне мың алғыс...". "Ғашықтар күні немесе «Төлеген» көп, «Бекежандар» қайда?". "Ресми БАҚ Еуразия Одағын дәріптеуді күшейтті". "Әліппесіз реформа".

1 765 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Этот вопрос больше повторять не будем... Енді сұрамаңдар дегені ме?» - Қашағандағы өндірістің екі аптаға созылып, құбырдың жарамсыздығынан қайта тоқтатылғаны белгілі. Өзі бірнеше жыл бойы әне-міне деп әрең қолданысқа беріліп, әлемдегі алып кеніштен мұнай алына бастағанда жұмысын қайта тоқтатты. Қашаған кенішінен мұнай өндіруге қатысқан компаниялардың да әлемдік көшбасшылар екені анық. Олай болса, барлығы жабылып бір Қашағанды іске қоса алмауының сан қилы сауал тудыратыны орынды.

«Қанат Бозымбаев Павлодар облысы активінде қазақтардың көбеюінен неге шошынды?» - Павлодар облысының жаңа әкімі Қанат Бозымбаевты облыстық шенеуніктердің  арасында қазақ ұлтының өкілдерінің көп болғандығы шошындырыпты. «Караван» газетіне сұхбат берген ол өз командасында қазақтан басқаның бәрін көргісі келетіндігін жасырмайды.

«Ұзақбай Қарабалин, Мұнай және газ министрі: Қашағанға қатысты асығыстық жасау орынсыз» - Тағы да Қашаған. Қашағанды игеру жоспары жылдарға созылуда. Кеніштің қоры мол, оны толық игеруге әлі де қомақты қаржы қажет, құйылып та жатыр. Бірақ ол да жеткіліксіз болып шықты. Таяуда Парламент Мәжілісінде Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин кенішті игеруге жұмсалатын шығын 200 миллиард доллардан асып жығылуы мүмкін деді.

AZATTYQ.ORG. «Ресми БАҚ Еуразия Одағын дәріптеуді күшейтті» - Сәуірдің 15-інде Қазақстан, Беларусь және Ресей премьерлері Мәскеуде Еуразия Одағы келісімінің жобасын талқылады. Келісімге қол қояр сәт жақындаған сайын қолдаушылар мен қарсылар да көбейді.

«Сот «Иегово куәгерін» елден шығаруға үкім етті» - Дін еркіндігіне қатысты жиі сыналатын Қазақстанда сот қаулысы бойынша тағы бір діни азшылық өкілі елден шығарылады. Дәстүрлі емес діни топтар тексерістен көз ашпайтынын айтады.

AIKYN.KZ. «Сотталған адамның сақалы қырқылады» - Еліміздің жаңа «Қылмыстық атқару кодексінде» бас бостандығынан айырылғандарға сақал жіберуге тыйым салу қарастырылып отыр. Кодекс жобасына осындай тосын норманың енгізілгендігін кеше Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова растады.

ALASHAINASY.KZ. «Оңтүстік пен батыс келіншектеріне мың алғыс...» - Әріге барып, шаң басқан, қатпар түскен тарих беттерін парақтамай-ақ қоялық. Себебі, қазақтың «мың өліп, мың тірілгені» онсыз да белгілі. Біздің айтпағымыз КСРО тұсында, яки таңымыз Мәскеуге қарап атып, күніміз Мәскеуден рұқсат келгеннен кейін ғана батқан заманда қазақ кім еді, қазір кім?

«Қазақтың қолынан грим жасау да келмегені ме?» - Бүгінде «Хабар» арнасында жүріп жатқан «Жұлдызды дода – Звездные войны» жобасының продюсері әрі жүргізуші Баян Есентаева өзінің бір сұқбатында біздің елімізде мықты грим жасаушы мамандардың жоқ екенін баса айтқан еді. Баян ханым өзінің жобасы барысында бір адамды мүлде бөлек екінші адамның кейпіне енгізу үшін әбден қиналып кеткен болуы керек, грим жасаушы мамандарды Ригадан, Питерден, Одессадан алдырыпты. 

«Оралманды неге екіге бөліп қараймыз?» - ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, «2011-2014 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлінеді» деп бекітілген болатын. Алайда арадан көп уақыт өтпей, Үкімет бұл қаулыны кері қайтарып алды. Сөйтіп 2012 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі оралмандарға берілетін квотаны белгілі мерзімге дейін тоқтататын жаңа қаулы қабылдады. Енді араға екі жал салып, оралмандар көші қайта жалғасатын болды. Десе де бұл жолы, Үкімет оралмандар үшін көш талабының өзгергенін жеткізді.

JASQAZAQ.KZ. «Ғашықтар күні немесе «Төлеген» көп, «Бекежандар» қайда?" - Біз қаласақ та, қаламасақ та, тойланып жүрген Әулие Валентин яғни, «ғашықтар күні» деген жексұрын атау қазақ даласына ендей тарады. Жастарымыз осы мереке күнін тойлауды білсе де, өз ұлтымыздың аңызға айналған ғашықтары мен ғашықтық жыр-дастандарын біле бермейтіні өкінішті. «Валентин күні» орнын бастырамыз, «Қозы мен Баян», «Қыз Жібек пен Төлеген» күнін белгілейміз деп қанша арпалыссақ та бәрібір, елге танымал болып кеткен осы күннің мысы басып тұрғанын мойындамасқа амал жоқ.

«Ресейде ауа-райын айтушы да саясатқа араласады» - «Шығыс Украинада ауа райы түнеріп тұр. Бұл тіпті Ресейге де сезіліп отыр» дейді Вадим Заводченков бір аптаға берілетін ауа райы болжамында. Ол – «Россия 24» мемлекеттік телеарнасының метеорологы.

«Әліппесіз реформа» - Нәтижесіз реформалардан «батпаққа» батқан Білім және ғылым министрлігі Мәжілісте тағы ұятқа қалды. 12 жылдық білім стандартын жасаған шалағай шенеуніктерді депутаттар қатты сынады. «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» дегендей, реформашыл ақжағалылар балақайларға 1-сыныптан ағылшын тілін «міндетті пән» етіп кіргізбекші. Бірақ... сорақылық бұл ғана емес. Баянсыз бағдарламада ана тіліміз 7 сағатқа қысқарыпты.

QAMSHY.KZ. «Еуразиялық Одақ. Ресеймен Түркістан болып сөйлесуіміз керек» - Түркістан республикалары федеративтік негізде біргуі тиіс.  Жеке амбицияларын қайырып қойып, ортақ саяси құрылым жасау туралы іске қазірден бастап кіріскен дұрыс. Әйтпесе, «Өзбекпен біріккенше, орыспен бірге болғаным артық» деушілер қатары көбейген сайын, бұл мақсатқа жету мүмкіндігі алыстай береді.

«Қауіпті құбылысты ескерту: «СКОРО ЗДЕСЬ РОССИЯ БУДЕТ, МЫ ВСЕ БУДЕМ РОССИЯНЕ!» - Ашық хат. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті мырзалар! Менің сіздерге жолдап отырған Ашық хатымды жеке бастың шаруасы деп емес, қоғамда белең алып бара жатқан қауіпті құбылыс ретінде қабылдап оқуларыңызды сұраймын.

16 сәуір 2014, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.