Атырау, 20 сәуір 11:51
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Украинада антитеррорлық операция басталды

1 738 просмотра
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов Украинаның шығысында арнайы операция бастау туралы жарлық шығарды. Жарлық "Террористік қауіп-қатерлердің алдын-алу және Украинаның территориялық тұтастығын сақтау шаралары жөніндегі шұғыл шаралар туралы" деп аталады.   

Арнайы операцияның орындалуын бақылау Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубийге жүктелген. Турчинов арнайы операцияны жүргізу штабын басқарады. Операцияға басшылық жасау Украина қауіпсіздік қызметі басшысының бірінші орынбасары Василий Крутовқа тапсырылды. 

Бұған дейін Турчинов антитеррористік операцияларға Украина қарулы күштері де қатысатынын мәлімдеген.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
15 сәуір 2014, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.