Атырау, 20 сәуір 08:55
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Обама мен Путин Украина дағдарысын талқылады

2 660 просмотра
АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен 14 сәуір күні телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинадағы сепаратистік күштерге қолдау көрсетуіне алаңдаушылық білдірді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Мәскеу егер Украинаға қатысты арандатушылық әрекеттерін жалғастыра берсе, "қосымша шығынға ұшырайтынын" айтқан.

АҚШ президенті бұған қоса Украина билігі дағдарыс жағдайында "кәдімгідей ұстамдылық танытқанын" айтып, Путинді шиеленісті бәсеңсіту үшін Украинамен шекарадағы Ресей әскерін әкетуге шақырған.

Бұған дейін Кремль АҚШ президентімен әңгімеде Путин Украинаның шығысындағы тәртіпсіздіктерге "Ресейдің ешқандай қатысы жоғын" айтты деп мәлімдеген.

Киев пен батыс елдері Украинадағы сепаратистердің әрекетін Мәскеу ұйымдастырып отыр және үкімет үйлерін басып алғандардың арасында ресейлік әскерилер де болуы мүмкін деп күдіктенеді.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
15 сәуір 2014, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.