Атырау, 25 сәуір 22:03
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Түнгі клубтағы төбелес кісі өліміне әкелді

2 343 просмотра

11-інен 12 сәуірге қараған түні «Армада» түнгі клубының маңында екі жас жігіттің арасында төбелес орын алды. Алынған зақым салдарынан олардың бірі көз жұмды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, түнде «02» телефонына облыстық аурухананың науқастар қабылдайтын бөлімінде Құрманғазы көшесінің бойындағы түнгі клубтан жеткізілген 1982 жылғы жас жігіттің қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Ол басынан зақым алған екен.

- ІІД мен ҚІІБ криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай», Атырау қаласының 24 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді Г.Мұхтарова.– ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-тармағы («абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, «Армадада» демалып жүрген екі жас жігіттің арасында бір бірін ұнатпау салдарынан төбелес басталған. Көшеде төбелесіп, содан соң «жеңімпаз» таса болған. Бірақ онысы ұзаққа бармады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 сәуір 2014, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.