Атырау, 20 сәуір 19:17
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Түрмедегі алаяқ

2 636 просмотра

Маңғыстау түзету колониясында сотталу мерзімін өтеп жатқан 27 жастағы азамат алты рет телефон арқылы атыраулықтарды алдап, алаяқтықпен ақша бопсалаған. Алайда жетінші рет оның жолы болмады.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, қала маңындағы Ақсай ауылының тұрғынына белгісіз біреу телефон шалады. Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған ол ұлының қылмыстық жағдайға тап болғанын, балаға қылмыстық іс ашпау үшін белгіленген жерге екі мың доллар әкелу керек деп хабарлайды.

Сұмдық хабардан бойларын жинағаннан кейін ата-аналар ұлына телефон соғады. Ал ұлы бұл кезде Атырау университетінде жайбарақат сабақта отыр екен. Содан кейін олар полицияға хабарласып, осы сәттен бастап Атырау қаласы ІІБ криминалдық полициясы қызметкерлерінің айтуымен әрекет етеді.

Жалған полицей өзінің кезекті қоңырауында ақшаны Атырау қаласы үйлерінің біріндегі қоқыс салатын жәшікке салу керектігін айтады. Полицейлер оларға тап осылай жасаңдар деп жалған ақша беріп, өздері торуылда тұрады. Ақшаны алуға бір жас адам келіп, жәшіктен «олжасын» алмақ болған кезде құрықталады. Ол Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны екен. Ал адамдарды телефон арқылы «ақшаға сындырып» жүрген қыз зорлағаны үшін сотталып, қазір Маңғыстау облысында айып мерзімін өтеп жатқан ағасы болып шықты.

Дәл осындай қулықпен Атырау қаласының тағы да алты тұрғыны алданғаны анықталды. Інісі қоқыс контейнерлерінен ақшаны алып, маңғыстаулық алаяқтың айтқан банк шотына салып отырған.

Қазір ұсталған жігіт кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді, ҚР ҚК-нің 177-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде. Атырау қаласы ІІБ криминалдық полициясы қызметкерлері бас алаяқтан жауап алу үшін Маңғыстау облысына кетті.

Анастасия ПАСТУХОВА

14 сәуір 2014, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.