Атырау, 29 наурыз 10:26
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Қазақстаннан Балтыққа дейін қалай орыстанды?». «Украина жемқорлықтан арылар жол іздейді». «Өтемұратов екі банкті сатып алады». «Ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнді». «Капиталға рақымшылық жасау шетел асқан қаржыға тосқауыл қояды».

1 557 просмотра

AZATTYQ.ORG.    «Қазақстаннан Балтыққа дейін қалай орыстанды?» - Путин әлемнің кез келген түкпіріндегі орысты қорғаймын деп уәде берді. Бұл доктрина негізінен пост-советтік республикаларда тұрып жатқан миллиондаған орыстарды қамтиды. Олар бұл елдерде қайдан жүр?

«Украина билігі шығыс аймақтағы «агрессияны» айтады» - Ресейшіл белсенділер Украинаның шығысындағы бірнеше қалада билік кеңселерін басып алды. Киев бұл оқиғаларды Ресей тарапынан «агрессиялық әрекет» деп сипаттады.

«Украина жемқорлықтан арылар жол іздейді» - Революция – бар шаруаның басы ғана. Билік ауысқан соң халық болып күрескен сол идеалдарды жүзеге асырудың қажеттігі туындайды.

TURKYSTAN.KZ.    «Өтемұратов екі банкті сатып алады» - Ақпан айындағы  отандық үш қаржылық құрылымның банкротқа ұшырауына қатысты sms-шабуылдың құрбаны болған банктердің бірін Болат Өтемұратов сатып алмақшы.

«Л.И. Мирзоян расында кінәлі ме?» - 1933-1938 жылдар аралығында Қазақстанда өлкелік партия комитетінің хатшысы болып Левон Исаевич Мирзоян басқарды.

«Ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнді» - Өзбектердің телеарнасын көре-көре бастары айналған қазақтың қарадомалақтары президентінің кім екенін ажырата алмайтын халге жетіпті.

ALASHAINASY.KZ.   «Капиталға рақымшылық жасау шетел асқан қаржыға тосқауыл қояды» - Отандық сарапшыларымыздың пайымдауынша, Елбасы жариялап отырған қаржы «амнистиясы» ел экономикасының өркендеуіне айтарлықтай оң әсерін тигізбек.

«Мұғалімнің қадірі қалай қашты?» - Кейінгі 20 жылдықта білім саласындағы сан-сапалақ  реформаның жасалуы, түбінде білімнің құтын кетіріп, мұғалімнің қадірін қашырып тынатынына күдіктен гөрі сенім ұлғайып барады.

SKIFNEWS.KZ   «Бапкерге де бап керек» - Кәсіптің оңайы жоқ. Алайда, шәкірттерінің әр сайысында «жаны бір кіріп, бір шығатын» бапкердің жөні бөлек.

SERKE.ORG.   «”Антиеуразиялық форумда” Шаханов, Қосанов, Сарым қара көрсетпеді» - Алматы қаласында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне қарсы «Антиеуразиялық форум» болып өтті. Қонақүйдің кішігірім залында өткен жиынға 150-ге жуық адам қатысты.

14 сәуір 2014, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.