Атырау, 23 сәуір 20:47
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ескертуден соң тоқтады

2 744 просмотра

Каспий теңізіндегі Забурын маңында ақтаулық шекарашылар Дағыстан тұрғындары мінген екі байданы ұстады. Бұл туралы Батыс өңірі әскери прокурорының орынбасары Руслан ӘЛМАХАНОВ хабарлады.

- 9 сәуірде 8 сағат 30 минутта 2201 ә/б шекара катерінің экипажы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі әскери кезекшілік кезінде Атырау облысының Забурын селосының маңынан бортында адамдары бар байда түріндегі жүзбелі қайықты анықтаған. Тоқтау туралы талапқа заң бұзушылар бағынбай, бой тасалауға әрекет еткен. Шекарашылар байданың жүзу бағыты бойынша ескерту оғын атқан. Жүзу құралы тоқтап, оның ішіндегі бес дағыстандық ұсталды, - деп хабарлады Әлмаханов.

Екі сағаттан кейін сол маңнан шекара катері екінші байданың ізіне түсті. Мұнда да шекара бұзушылар Калашников автоматынан ескерту оғы атылған соң тоқтаған. Дағыстанның 5 тұрғыны ұсталды.

Ұстау кезінде ешкім де зардап шеккен жоқ. Дегенмен, әскери қызметкерлердің қару қолдану фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Бұл факт ҰҚК әскери полициясының 7-бөлімінде тіркелген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 сәуір 2014, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.