Атырау, 20 сәуір 13:14
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Беларусь үлгісі

1 256 просмотра

ІІ халықаралық «Atyrau Invest – 2014» бизнес-форум қорытындысы бойынша «жасыл экономика», агроөнеркәсіптік кешен және машина жасау саласында жалпы сомасы 19 млрд теңге болатын 15 өзара әріптестік меморандумына қол қойылды.

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ форумдағы өз сөзіндетүрлі салада әлемнің 50-ден аса елімен өзара әріптестестікке түскен өңірімізді қысқаша сипаттап өтті. Облыста шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс жасайтын 900 компания бар және олардан өткен жылы түскен салықтық түсімдер 1 триллион 700 миллиард теңгені құрады. Арнайы экономикалық аймақ аясында көмірсутекті шикізатты терең өңдеу бойынша 300-ге жуық жаңа өндіріс құру жоспарлануда.

Форум жұмысы бойынша 15 өзара әріптестік меморандумына қол қойылды. Атап айтсақ, «Мекен» ШҚ мен «Атырау» ӘКК арасында бірлесе құс фабрикасын және жылыжай салу, «Атырау» ӘКК мен «Ақ қамыс» ЖШС арасында қамыстан отын түйіршіктерін өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру, Беларусь Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасы, Атырау облысы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Атырау» ӘКК арасында бірлескен жобаларды дамыту мен тауар айналымын арттыру туралы келісімдер жасалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.