Атырау, 29 наурыз 19:39
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Анасы кешірім берді

1 339 просмотра

Құрманғазы аудандық соты кәмелетке толмаған балаға азғындық әрекеттер жасады деп айыпталған азаматқа қатысты істі екі жақтың ымыраға келуінің нәтижесінде жылы жауып қойды.  
Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВТЫҢ хабарлағанындай, айыпталған азамат аудандағы мектептердің бірінде жұмыс істейді.
- Ол сыныпқа ерте келген бастауыш сынып оқушысына тиісіп, бетінен, ернінен сүйіп, жыныс мүшелерін ұстаған. Оған күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттер жасағаны үшін айып тағылған болатын, - дейді М.Рахимов.
Мектеп жұмысшысының үстінен ҚР ҚК 124-баптың 1-бөлімі («Көрінеу 14 жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттер жасау») бойынша қылмыстық іс көтерілген. Алайда сот үстінде қыздың анасы оған кешірім беріп, ол қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.