Атырау, 20 сәуір 07:06
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Салықтар кімге тиесілі?

1 974 просмотра

– Мен шетелдік компанияның қызметкерімін, шетелде жұмыс жасаймын. Менің жалақымнан компания табыс салығын ұстайды және мен жұмыс жасайтын елге төлейді. Мен Қазақстанда табыс салығын төлеуге міндеттімін бе?

azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау облыстық Салық департаменті бастығы-ның орынбасары Жанболат ТІЛЕУЛЕС жауап берді:

– ҚР Салық кодексінің 188-бабына сәйкес Қазақстан резиденттері Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстарынан салықтар төлейді. Салық төлеуші-резидент ҚР-дағы салық декларациясына еліміздің аумағында және одан тысқары жерде алынған көздерден, сондай-ақ, жеңілдетілген салық салынатын мемлекеттердегі көздерден түсетін табыстарды көрсетуге міндетті.

ҚР Салық кодексінің 178, 182 және 184-баптарына сәйкес, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші, осы баптың 4және 5-тармақтарындакөрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағындабелгі-ленген мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.

Осы бапқа сәйкес, Қазақстан-нан тысқары жердегі салық төлеушіден алынған ҚР-дан тысқары жерде төленген табыс салығының сомалары осындай салықтың төленгендігін растайтын құжат болған жағдайда ҚР-на корпоративтік немесе жеке табыс салығы төленген деп есептеуге жатқызылады.

Шетелдік көздерден түсетін табыстардан алынған және төленген салықтардың сомалары туралы шет мемлекеттің салық органы растаған және берген анықтамасы осындай құжат болып табылады.  

Бұл жағдайда салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00 нысан) орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. Мұнда ҚР-дан тысқары жерде салықтың төленгендігін растайтын құжат болса, төленген салық сомасы Қазақстандағы жеке табыс салығы төленген деп есепке жатқызылуы тиіс.

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.