Атырау, 24 сәуір 08:57
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бөгделер аяқ баспайды

2 130 просмотра

– Өзен маңынан жаңа тұрғын үй кешені берілген уақыттан бастап мен балаларымды сол жердегі балалар ойын алаңына апарып жүрдім (біз өзіміз ол жерде тұрмаймыз). Бұрын ешқашан проблема туындаған емес. Бірақ жақында ПИК өкілдері бөгде жандарға балаларын алаңға апаруға тыйым салып, мұның жеке аумақ екенін желеуретті. Бұл үйде тұрмайтын адамдарға олардың аумақтарына келуге, олардың алаңдарына балалардың ойнауына тыйым салатын қандай да болмасын ереже бар ма?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

– «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 31-бабына сәйкес,  үй-жайлардың (пәтерлердің) екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде кондоминиум (ПИК) құрылады. Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер телімі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі.

«Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер телімiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы» ҚР Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы №1813 қаулысында бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiндегi жылжымайтын мүлiкке деген ерекше меншiк нысаны кондоминиум болып табылады делінген. Кондоминиум нысанының ажырамас бөлiгi кондоминиумның барлық қатысушыларына ортақ үлестiк меншiкке берiлетiн және үйдi, құрылысты және ғимаратты орналастыру, ұстау және пайдалану үшiн қажеттi бiрыңғай және бөлiнбейтiн жер телімi болып табылады. Кондоминиум қатысушыларына берiлетiн жер телімінiң шекаралары көше жағынан қызыл сызық бойымен, тiгiнен алғанда iшкi жағынан - жүретiн жол осьтерiнiң бойымен iргелес жер телімдерінің шекарасы бойынша белгiленуi мүмкiн. Жер телімінiң шекарасына, әдетте, кондоминиум нысанының мүлiктiк кешенiнiң құрамына кiретiн нысандар қоғамдық мақсаттағы нысандарға барудың қамтамасыз етiлуiн ескере отырып енгiзiледi.

Атырауда балалардың ойын алаңы, жасыл-желектер, демалыс және спортпен айналысуға арналған алаңдар, инженерлік тораптар мен коммуникациялар және басқа да нысандар, әдетте, кондоминиум нысанының мүлiктiк кешенiнiң құрамына кірмейді. Қоғамдық мақсаттағы нысандар мемлекеттік мүлік болып табылады. Осыған байланысты, ең алдымен, бұл ойын алаңы осы ПИК-тің мүліктік құрамына кіре ме, соны анықтап алу қажет. Егер кірсе, онда сіз ПИК төрағасынан осы балалар алаңының ПИК-ке тиесілі екенін растайтын құжаттарын талап етуге құқылысыз. Егер мұндай құжаттар жоқ болса, ПИК қызметкерлерінің әрекеттері заңсыз, сіз учаскелік полицейге оларды тиісті жауапкершілікке шақыру туралы арыз жаза аласыз. Егер осы ПИК-тің балалар алаңына заңды құқығы бар болса (осы тұрғын үй кешенінің тұрғындары жиналған қаржыға осы алаңды өздері салған болса және оны заңдастырған болса), онда бұл мәселені осы ПИК-тің тұрғындарының жалпы жиналысында талқылауға болады. Олар өз үйлерінде тұрмайтын балалардың балалар алаңында ойнауына қарсы болмайды деп ойлаймын.

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.