Атырау, 20 сәуір 12:16
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Итальяндықтар Жайық сағасын зерттейді

3 218 просмотра

Мемлекеттік «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында «Жайық өзенінің сағасы» деген атаумен «Eni» компаниясының қаржыландыруымен  жаңа ғылыми-экологиялық жоба жүзеге асырыла бастады.

 

Бұрын хабарланғандай, жаһандық экологиялық қор/БҰҰ даму бағдарламасының «Қоныс аударатын құстардың мекені ретінде ғаламдық мәні басымды сулы-батпақты алқаптарды кешенді сақтау» жобасы жаз соңында өз қызметін аяқтайды. Жоба қойған мақсатына жетті. Енді «Ақжайық» резерватының еркі өзінде деуге болады. Алайда ғылыми зерттеулер жалғасын табатын болады.

Жобаның ұлттық менеджері Талғат КЕРТЕШЕВТІҢ айтуынша, резерватта «Eni» компаниясы серіктес ретінде жұмыс істеуде. Ол итальяндық Болон университеті ғалымдарының зерттеу жұмыстарын қаржыландыратын болады. Айтпақшы, кезінде университет мамандары По өзенінің сағасынан Ұлттық бақ құруға қолдау көрсеткен болатын. По өзені – сипаты жағынан біздің Жайық өзеніне ұқсас келген су жолы.

Өткен жылдың күзінде бұл жерге Каспий теңізінің жағалауындағы желқума-желбөгет құбылыстарын зерттейтін үш маман келген еді. Ұзақ мерзімге созылуы мүмкін осы жоба аясында әрі қарай ғылыми зерттеулер жалғасуы мүмкін.

Бұл жобаның мән берілген бір саласы – облысымызда енді ғана бүр жара бастаған экологиялық білім беру мен экотуризм болып отыр. Т.Кертешев атап өткендей, бұл бағытты мемлекет қаржыландырмайды. Өйткені бұл коммерсанттардың еншісі боп есептеледі. Дегенмен мемлекеттік бюджеттің табыс табуына не кедергі келтіріп отыр? Қазіргі уақытта резерваттың аумағында 10 метрлік төрт сынақ алаңының дуалдары тұрғызылған. Енді итальяндықтармен бірлесіп толыққанды ең болмағанда бір туристік маршрутты жасақтау туралы мәселе шешілуде. Оның жобалау-сметалық құжаттамасы әзір.

Бұдан басқа, биылғы жылы астаналық «Табиғат әлемі» орталығында резерват инспекторларына арналған біліктілік көтеретін бес курс өткізу белгіленген. Дамба поселкесінде визит-орталығын салу мәселесі де шешілуде. Оған алты гектар жер бөлінген. Ол туристерге, мектеп оқушыларына және жалпы баршаға арналған.

Лев ГУЗИКОВ

9 маусым 2011, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.