Атырау, 25 сәуір 03:23
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Демалуға барамын...

1 810 просмотра

- Білім беруді ұйымдастыру жүйесінде қызмет ететін логопед пен психиатриялық ұйымдарда толық жұмыс күні бойына жұмыс істейтін логопедке қосымша демалу үшін қанша күн беріледі?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Бибігүл ТАУПИХОВА жауап берді:

- Логопедтерге қосымша демалыс күндері ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі (2012 жылғы 27 сәуірдегі өзгертулері мен қосымшалармен бірге) «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы» №182-Ө бұйрығына, сонымен қатар жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы мен еңбекақының жоғары мөлшерін беру туралы Ережелеріне сәйкес беріледі. 

Аталған бұйрықтың №1 қосымшасына сәйкес, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы және демалыс үйлеріндегі (шипажайлар) логопедтің қосымша еңбек демалысының ұзақтығы 12 күнді құрайды; ал психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдарда науқастармен тікелей және толық жұмыс күні бойына жұмыс істейтін логопедтерге берілетін қосымша демалыс 18 күнтізбелік күнді құрайды.

13 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.