Атырау, 29 наурыз 03:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраудан Астанаға арзан әрі тез жетудің жаңа мүмкіндігі

4 553 просмотра

Жаңа поездың механигі Бүркіт Асанов

Атыраулықтардың бұл арманы шындыққа айналды. Мамырдың 31 күні Астана мен Атырау қалаларын байланыстыратын «Каспий» жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты.

Темір жолдың қожайындары атыраулықтарға тарту еткен бұл сыйларын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнадық деп отыр. Қалай болса да, тамаша тарту. Енді бұрынғыдай қосымша вагон болып Қандыағаш стансасында келесі поезды сағаттап күту тауқыметі артта қалды. Осыны ескерген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тверь вагонқұрылыс зауыты шығарған 22 вагонды сатып алыпты. Жылжымалы құрам паркі де заман талабына сәйкес  12 купелік, 8 плацкарт вагондар болып жабдықталған. Жаңа вагондардың техникалық жабдықталуын қарап шынымен разы боласың.

Жылжымалы құрамды шығару барысында жолаушылардың пойыздағы сапары сапалы әрі жайлы болуы үшін инновациялық технология, заманауи материалдар мен құралдар пайдаланылған екен. Вагондарды бақылау жүйесі, GPRS құрылғысы және спутниктік байланыс, ауаны желдететін жүйе , видео және аудио тарату, қауіпсіздік және байланыс бақылауы, душ кабиналары мен экологиялық таза дәретханалармен де  қамтылған. Тіпті қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, электр тоқтары, сонымен қатар, пойыздың келесі аялдамасын, уақыт пен ауа температурасын, дәретхана кабинасының бос еместігін көрсетіп тұратын ақпарат таблосы да ескеріліпті.  Жолаушылар купесі бөгде адамдардың жоспарламаған әрекетінен күзетіледі екен.

Тағы бір жолаушылар үшін маңызды тұсы бар.  Ол - осы жаңа нұсқасында салонның ішкі жобасының өзгеруі. Дәретханалар қолданылмайтын тамбур жаққа шығарылып,тамбурлар ауаны соратын желдеткішпен жабдықталыпты. Олардың қолданыстағы мерзімі 40 жылға дейін.

Атырау темір жолы бөлімінің бастығы Бөріхан БЕРІКБАЕВТАНвагондардың жаңа, жайлылығына қарамастан билет құнының арзандағанын естіп шынымен таң қалдық.

- Билет құны сағатына 160 км жолды артқа тастайтын жылдамдығы мен тоқтайтын стансалырынң аздығына сай төмендеп отыр. Купе бағасы 5753 теңге болса, плацкарттық вагондағы орын - 3730 теңге тұрады. Мұның алдыңғысы бұрынғы бағамен салыстырғанда 647 теңгеге, ал соңғысы 370 теңгеге арзан. Ең бастысы мұнда   мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды ертіп жүруге арналған арнайы 2 купелік штаб вагон бар. Олардың  арбасын көтеріп түсіретін құрылғы да қарастырылған. Купе ішінде арбасын қоятын орын мен ақпарат таблосы орнатылған, есіктерінің бәрі автомат ,-деп түсіндіреді ол.

Поезд күнара, жұп күні Атыраудан, тақ күні Астанадан шығатын болады. Жолың болсын, жолаушы!

Сәния ТОЙКЕН

Суретті түсірген  автор

2 маусым 2011, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.