Атырау, 19 сәуір 09:43
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АМӨЗ-ге 24 миллиард теңге экологиялық зиянды өтеу ұсынылды

7 500 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауытыАтырау мұнай өңдеу зауыты5 наурызда Атырау облыстық экология департаменті алауларда қышқыл газдарды өртеу арқылы қоршаған ортаны ластағаны үшін АМӨЗ-ге 24 миллиард теңгеге дерлік экологиялық зиянды өтеу туралы ұйғарымды ұсынды. АМӨЗ келіспейтіндігін білдіріп, қайтадан тексеруді талап етті.

«ЗИЯН ЕРЕЖЕ БОЙЫНША ЕСЕПТЕЛДІ»

«Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облыстық экология департаменті алау қондырғысында қышқыл (шикі) газды нормативтен тыс жағу салдарынан атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шығарындыларымен ластағаны үшін «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не зиянды өтеу туралы ұйғарымды ұсынды.23,7 миллиард теңгені құраған зиян Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережелеріне сәйкес есептелді», - деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі.  

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ «2012 жылы АМӨЗ ауданында жүргізілген аспаптық өлшеулер және Аджип ҚКО компаниясының ауа сапасының автоматтанған мониторинг стансасының 2013жылғы мәліметтері Атыраудағы атмосфералық ауаға зауыт қызметінің дүркін дүркін теріс әсер ететіндігіне дәлел болады» деп мәлімдеген еді Қала түтін сасыған ауаның құшағында»).

Бұл жағдайда 2013 жылғы 29 қарашадан 28 желтоқсанға дейінгі аралықта жүргізілген тексеру нәтижелері бәленбай миллиард сома талап етілген талап арыз үшін негіз болды. Тексеру нәтижесінде АМӨЗ-дің күкірт өндіретін қондырғының алау жүйесінде қышқыл (шикі) газды 693 753,1 текше метр көлемде нормативтен тыс өртегендігі анықталды.  

Тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік істер қозғалды.

 

«АЛАУЛАРДА ҚЫШҚЫЛ ГАЗ БОЛҒАН ЖОҚ»

Өз кезегінде АМӨЗ баспасөз қызметі бүгін, 6 наурызда баспасөз хабарламасын таратты:

«“Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС (әрі қарай – АМӨЗ) Атырау облыстық экология департаментінің ағымдағы жылдың 5 наурызында АМӨЗ-дің алау жүйесінде қышқыл (УПС технологиялық газы) газды өртеу салдарынан ластаушы заттардың шығарындыларымен ауаны ластағаны үшін 23 776 286 054 (жиырма үш миллиард жеті жүз жетпіс алты миллион екі жүз сексен алты мың елу төрт) теңге сомасында экономикалық бағалауды өтеу туралы ұйғарымды ұсынғанын хабарлады. Атырау облыстық прокуратурасы Атырау облыстық экология департаментімен бірге бұдан бұрын атмосфералық ауаны қорғау тұрғысында экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты АМӨЗ-дің қызметіне тексеру жүргізген болатын. Оның қорытындылары бойынша 28.12.2013 жылғы тексеру анықтамасы жасақталды.

Бұл анықтамада «осы нысанның алау жүйесінде орнатылған есептегіш көрсеткішін тексергенде алауларда көлемі 693 753,1 м3 құраған қышқыл газдың жағылғаны анықталды» деп көрсетілген.

Іс жүзінде зауыттың қышқыл газ шығарындыларын шығармағанын және шығармайтынын атап өткен жөн.  

Бұдан басқа, анықтамада көрсетілген аспап коммерциялық есеп аспабы болып табылмайды және оны қышқыл газды есептеу үшін қолдануға болмайды. Бұл аспап тек жедел қызметкердің үрлемелі газ шығынының болуын бақылау және апатты шығарынды туындаған жағдайда қажетті шара алу мүмкіндігі үшін арналған.

“Зауыт бекітілген лимиттен тыс атмосфераға ластаушы зат шығарындыларын шығарған жоқ және шығармайды да. Алау жүйелерін орнату және қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес, алау коллекторына күкіртсутегі жоқ отын немесе инертті газдар беріледі. Бүкіл қышқыл газ сұйық күкіртті алуға жұмсалады», - деп атап өтті «АМӨЗ» ЖШС бас инженері Денис Козырев.

Технологиялық қондырғылардың, соның ішінде УПС мен алау қондырғысының жұмысын объективті зерттеуді қамтамасыз ету және тәуелсіз сарапталық қорытынды жасау мақсатында зауыт «Атырау мұнай және газ институты» РМҚК , Башқұртстан Республикасының Мұнайхимия өңдеу институтының Мемлекеттік унитарлық өндірісі (Уфа қаласы), “Гипрогазочистка” ААҚ, “Йокогава Электрик Казахстан” ЖШС, “Қазақ мұнай және газ институты”АҚ мекемелерін тартты. Қарау үшін қажетті материалдар да зауыттың факельдік шаруашылығы нысандарын жобалаушы «Омск Нефтехимпроект» ААҚ-на жолданды.

«ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының 16-бабының 6-шы және 7-ші тармақтарына сәйкес, АМӨЗ-дің бастапқы тексеру нәтижелерімен келіспейтіндігіне байланысты АМӨЗ Атырау облыстық прокуратурасы мен Атырау облыстық экология департаментіне жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы өтінішпен шықты».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 наурыз 2014, 23:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.