Атырау, 23 сәуір 13:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Күреу туралы құқық

1 754 просмотра

– Біздің үйіміз ескі баспана ретінде күрелуге кетеді. Үй тұрғындарына жаңа үйден ескі баспанадағы бөлме санына сәйкес пәтерлер ұсынуға уәде етті. Мұнда күрелуге кететін баспананың меншік иелерінің саны, сондай-ақ, әр отбасы мүшелеріне тиесілі шаршы көлем нормасы ескерілмейді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын баспанаға бір отбасынан артық қоныстандыруға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, осы заңның 75-бабында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемiнде 15 шаршы метр және көп дегенде 18 шаршы метр пайдалы алаң мөлшерінде берiледi делінген. Мәселен, екі отбасы тұратын, күрелетін екі бөлмелі үйде әрбір отбасы жеке пәтерлер алуға үміттене ала ма? Әлде екі отбасы күрелетін баспананың орнына мемлекет ұсынатын баспананың шаршы көлемінің нормасын ескере отырып, екі бөлмелі пәтердің орнына үш бөлмелі пәтер алуға құқылы ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ жауап берді:

– Тұрғын үйді күреу туралы оң шешім қабылданған жағдайда, күрелетін үй орналасқан жер телімі мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын болады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 29-бабына сәйкес, тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтатуға, үй орналасқан жер телімін мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда жол беріледі. Мұнда өтемақыны есептеу осы Заңның 15-бабында қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады. Онда айтылғандай, жер телімдерінің мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiк иесiне өз таңдауы бойынша меншiгiне жайлы тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтемақы төленедi. Егер берiлетiн тұрғын үйдiң құны бұзылатын тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiнен алынбайды. Егер бұзылатын тұрғын үйдiң құны берiлетiн тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiне өтеледi.

6 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.