Атырау, 25 сәуір 15:24
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мекенжайсыз тұрғындар

1 537 просмотра

– Байжігітов көшесіндегі апатты жағдайда тұрған №76 үйдің күрелетінін-күрелмейтінін білу үшін әлденеше рет жіберілген сұранысымызға бірде-бір рет жарытымды жауап ала алмадық. Жақында ғана Бейбітшілік даңғылы бойындағы салынып жатқан көппәтерлі үйде осы үйдің тұрғындарына арнап жаңа пәтерлер бөлінетіндігі белгілі болды. Осы рас па?

Үй тұрғындары

Сұраққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ жауап берді:

– Байжігітов, 76 мекен-жайындағы тұрғын үй Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қорытынды-сына сәйкес апатты деп танылды және күрелуге жататын көппәтерлі апатты үйлердің тізіміне енгізілген. Аталмыш үйлердің тұрғындары Бейбітшілік даңғылының бойында салынып жатқан көпқабатты үйге қоныстандырылады деген ақпарат шындыққа сай келмейді. Қазіргі уақытта аталмыш апатты үйдің тұрғын-дарына баспана беру туралы шешім қабылданған жоқ.

6 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.