Атырау, 19 сәуір 13:12
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Лимоновтардың қожасы – Кремльдiң төрiнде». «Теңге одан әрi құнсыздана ма?». «Украинада биліктің ауысуы Қазақстанға әсер ете ме?». «Янукович Мәскеуде ме?». «ДСҰ: Отандық бизнесті шыңдай ма әлде шырмай ма?».

3 345 просмотра

ZHASALASH.KZ.    «Лимоновтардың қожасы – Кремльдiң төрiнде» - “Қазақстанда ел-жұртқа тиiмсiз делвальвация болды. Президент Назарбаев қартайып барады, оның мұрагерi де жоқ секiлдi”, – дептi Лимонов.

«“Мәңгiлiк елдiң” мәнi – Қазақстанға бай керек» - Ең жоғары мiнберден айтылған «Мәңгiлiк ел» идеясын төмендегiлер тулақ сүйреткен иттей жұлмалап жатыр.

«Теңге одан әрi құнсыздана ма?» - Бұрнағы күнi ҚазТАГ ақпарат агенттiгi қаржы саласындағы құпия ақпарат көзiне сiлтеме жасап, теңге көктем-жаз айларында бiртiндеп құнсызданып, бiр доллардың құны 195-200 теңгеге жетедi деп хабарлаған.

AZATTYQ.ORG.   «Украинада биліктің ауысуы Қазақстанға әсер ете ме?» - Саясаттанушылардың айтуынша, Виктор Януковичтің бұрынғы режимі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі режимі арасында ұқсастық та, айырмашылық та бар.

«Украин шенеуніктердің ішінде «Көртышқан» да, «Тәуіп» те болған» - Януковичтің күзетшілері украиналық шенеуніктерге қандай лақап ат қойғаны мәлім болды. Қызық деректі «Оңшыл сектор» тобының өкілдері жариялады.

MASA.KZ  «Украина: өнеге мен өкініш» - Төрткүл дүние теңселіп, украин топырағының топалаңы шықты. Биліктің бетсіз қолшоқпарлары туған халқына қару кезеніп, көздеп атты. Адамның қаны судай ақты.

ABAI.KZ.   «Янукович Мәскеуде ме?» - Ресейдің РБК ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Украинаның бұрынғы қашқын президенті Янукович 2014 жылдың 24-25 ақпанында Мәскеуге қашып келіп, Ресей президенті жанынындағы Барвиха санаторийінде дем алып жатқан көрінді.

ALASHAINASY.KZ.  «ДСҰ: Отандық бизнесті шыңдай ма әлде шырмай ма?» - Осы біз біраздан бері «әне-міне Дүниежүзілік сауда ұйымына енеміз» деп елеңдеп-ақ жүрміз.

«14-15 жасар қыздардың қия басуы неліктен?» - Заман өзгерді ме, адам өзгерді ме? Балалықтың бесігінен шықпай жатып, 14-15 жастағы қыздарымыз бала тауып жатса, оған кімді кінәлаймыз?

TURKYSTAN.KZ.   «Ресейдің ақпараттық, саяси ықпалынан шығуымыз керек» -  Украинадағы жағдай қазақ қауымына, Қазақстан халқына сөзсіз үлкен әсер етті.

«Украинада тізгінді ұлтшылдар алды» - Украинада Уақытша үкімет билікке келгеннен бастап, қолға алынған ең бірінші шара «Мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі» заңның күшін жою болды.

ZHEBE.COM  «Өзбек пен түркімен үнсіз, қырғыз бен қазақ ашулы» - Ресей саясаткері В.Жириновкийдің «Орталық Азия елдерін Ресейдің құрамына қосу керек!» деген пікірі жұртты дүрліктіріп-ақ тұр.

27 ақпан 2014, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.