Атырау, 28 наурыз 23:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Жол жиегіндегі көлік

Күн сайын Құлманов көшесіндегі жол жиегінің екі жағына да (ТШО мен «Іскер» компаниясы ғимараттарының арасындағы шаршыда) көліктер қойылғанын көруге болады. Бұл көліктердің көпшілігі Атырау қалалық ІІБ қызметкерлеріне тиесілі. Осылайша қойылған көліктер бұл учаскедегі қозғалысты, әсіресе, қарбалас уақытта көлік қозғалысын көп қиындатады. 11 тамыз 2016, 00:00 2 409 просмотра
Сұрақ-жауап

Жұмыс беруші міндетті емес

Ашық бос орындарға үміткерлермен сұхбаттасу кезінде кейбір жұмыс берушілер есептен шығару хаттарын талап етеді. Осыған қатысты сұрағым бар. Бізде Атырауда ТШО, НКОК және т.б. компаниялардың жобаларына жұмылдырылған компаниялар көп. Бір компаниядан екіншісіне (немесе клиент компанияға) көшу кезінде жұмыс беруші көбінесе ағымдық компания басшылығынан басқа фирмамен келіссөздер жүргізу келісімін растайтын «есептен шығару хатын» талап етеді. 11 тамыз 2016, 00:00 2 617 просмотра
Сұрақ-жауап

Жер теліміне бақылау жасалады

– Біздің қалада жеке сектордағы жер телімдерінің, коммерциялық құрылыстар мен жалғамаларды рәсімдеу кезінде алынған үй аумақтарының шекарасына қадағалау жасайтын мекемелер бар ма? Жер телімдеріне кадастрлық төлқұжаттарда көрсетілген мәліметтерді нақты шекаралармен салыстырып, бақылау жасайтын кім? 11 тамыз 2016, 00:00 2 415 просмотра
Сұрақ-жауап

Сотсыз болмайды

1944 жылы әке-шешем Қырым АКСР-нен Қазақстанға жер аударылды. Мен ата-анам арнайы қоныста болған кезде дүниеге келіппін. Бұған КСРО ішкі істер халық комиссариаты берген туу туралы куәлігім дәлел бола алады. Мен ақтау туралы анықтама алу үшін облыстық прокуратураға жүгінген едім, алайда деректі мұрағат мәліметтерінде қуғын-сүргіннің қолданылу фактісінің: менің және менің ата-анамның арнайы қоныстың тіркеу есебінде жоқтығына байланысты маған анықтама беруден бас тартты... 21 шілде 2016, 00:00 2 168 просмотра
Сұрақ-жауап

Бәрі тұрғындар есебінен шешіледі

Біздің үйдегі терможаңғырту бағдарламасы аясында осыдан үш жыл бұрын орнатылған лифт еш себепсіз тоқтап қала береді. Оны орнату үшін біздің 9 млн теңгеміз шығындалды, яғни, ай сайын 2,5 мың теңгені әлі күнге төлеп келеміз. Енді біз лифт жұмысы үшін кімге шағымданамыз? 23 маусым 2016, 00:00 2 101 просмотра
Сұрақ-жауап

Алғашқы тұрбаға дейін

2007 жылы жұбайым екеуміз жер телімін алуға өтініш берген едік. 2012 жылы бізге Водниково-3 поселкесінен жер телімін берді. Қолымызға жер телімін бөлу туралы актінің көшірмесін алдық. Сонымен болды. Әлі күнге дейін «бегунок» жасай алмай жүрміз, өйткені, қала әкімінің тиісті шешімі жоқ. Әлденеше рет қалалық сәулет бөліміне хабарластық, ол жақтағылар үнемі аз ғана күту керектігін айтады. Нені және тағы қанша күту керек? 23 маусым 2016, 00:00 2 183 просмотра
Сұрақ-жауап

​Тағы да жер туралы

– Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш берейін деп халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ондағылар маған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен жер телімін алатын жердің көшірмесін алып келуім керек екенін айтты. Ал, қалалық сәулет бөлімінде маған ондай анықтама берілмейтінін айтты. Жер телімін берудің нақты тәртібін түсіндіріп берсеңіздер екен. 9 маусым 2016, 00:00 3 559 просмотра
Сұрақ-жауап

​Алалаушы маршрут

- Мен Дамбы селосынан қалаға қатынайтын №50 маршруттағы келеңсіз жағдай туралы айтқым келеді. Кондуктор автобуста екі зейнеткерден артық мінген зейнеткерден жолақысының толық көлемін талап етеді. Неге мен зейнет жасыма қарамай түгел төлеуім керек? 9 маусым 2016, 00:00 2 693 просмотра
Сұрақ-жауап

​Су қайта толды

- Нұрсая ықшамауданындағы №55, 57 үйлердің кәріз жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды, әлсін-әлсін тасып, үйлеріміздің алды шіріген шалшыққа айналды. Бұған дейін бірнеше жерлерге хабарласып, жағдайымызды баяндадық, қалалық әкімдік, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, Нұрсаядағы коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне арыз түсірдік. Бірақ мәселеміз әлі шешілмей тұр. Терезелерімізді аша алмаймыз, есік алдына шығып отыра алмаймыз, себебі, шіріген судың иісі мен оған жиналған маса, шіркейлер мұрша бермейді. 9 маусым 2016, 00:00 2 228 просмотра
Сұрақ-жауап

Балаңыздың қасында болғыңыз келсе, ақы төлеңіз

Отбасы мүшелері ауруханада мынадай жағдайға тап болды: егер баланың жасы 3-тен асқан болса, онда ол ауруханаға жалғыз жатқызылады екен. Ал, ата-аналары бірге жатуды қадала өтінген жағдайда ақы төлеуге тиіс. Облыстық балалар ауруханасында бір тәулік үшін 1 800 теңге төленсе, жұқпалы аурулар ауруханасында – 1 600 теңгеден. Әрі олардың қай-қайсысында да қосымша төсек берілмейді. Бұл сонда қайдан шыққан тәртіп, ақшаны қандай негізге сүйеніп алып отыр? 2 маусым 2016, 00:00 2 565 просмотра
Сұрақ-жауап

Жеделдік үшін қосымша ақы

Мен жеке бас куәлігімді жоғалтып алдым. Ал, қазір ол маған шұғыл қажет болып қалды, өйткені, біз пәтер сатып алу құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бұрынғыша газетке құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыру беру және үй кітапшасын көрсету міндетті ме? Және куәлікті жедел түрде алу қанша тұрады? 2 маусым 2016, 00:00 2 124 просмотра
Сұрақ-жауап

Заңдастыру + мемлекет кірісіне 10%

Жақында баспасөзде мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылы 1 мамырда Атырау облысында ҚР тысқары жатқан жалпы сомасы 207,4 млн теңге болатын мүлік заңдастырылды деген ақпарат жарияланды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шетелден пәтер сатып алған болатынмын, соған қатысты менің қоятын сауалдарым бар еді. Мен бизнесменмін, бұл жылжымайтын мүлікті ешқандай заңды бұзбастан адал еңбегіммен тапқан ақшама сатып алдым. 2 маусым 2016, 00:00 2 077 просмотра
Сұрақ-жауап

«...Көршіміз артық» болмай шықты

Жатақханаларды күреу жөніндегі облыстық бағдарламаясында Досмұхамбетов (бұрынғы Тельман), 15 мекен-жайындағы үйді осы жылдың қаңтар айында күреп, тұрғындарға Нұрсая ықшамауданынан пәтерлер беруі тиіс еді. Алайда, біздегі үш пәтердің иесі өздеріне қала орталығынан екі бөлмелі пәтер беруін талап етті. Осыған байланысты барлық тұрғындарға пәтер беруден бас тартты. 26 мамыр 2016, 00:00 1 941 просмотра
Сұрақ-жауап

Мемлекеттік нөмір үшін төлеуге тура келеді

ӘПБ-ден қайта жарақтауға рұқсат алған соң көлігіме газ жабдығын орнаттым. Бірақ техникалық төлқұжатқа қажетті өзгерістер енгізуге келген кезде маған басқа төлем түрлерінен бөлек менің жаңа тіркелген мемлекеттік нөмірім үшін тағы төлеуге тиіс екенімді айтты. 5 мамыр 2016, 00:00 1 925 просмотра
Сұрақ-жауап

Қабылдағыштар жаңартылды

Менің Отау ТВ жерсеріктік телехабар тарату желісіне қосылғаныма жарты жыл уақыт болды. 18 сәуірде техникалық үзілістен соң телеэфир қосылған кезде «Еуразия», «КТК», «НТК» телеарналарынан басқа қазақ тілінде телехабар тарататын арналар көрсетпей қалды. Бұл немен байланысты? 5 мамыр 2016, 00:00 2 065 просмотра
Сұрақ-жауап

Жол зардабы

Ленин атындағы №1 мектепке апаратын кірме жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы қашан салынады? Балалар сабаққа бару үшін балшықтың бетіне төселген тақталардың үстімен жүреді. Сегіз жыл бұрын осы мәселені қалалық билік алдына қойған едік, әлі жауап ала алмадық. 28 сәуір 2016, 00:00 2 145 просмотра
Сұрақ-жауап

Елес үйлер

Үйлерімізді 1952 жылы «Геофизика» бірлестігінің құрылыс учаскесі салған. Бұл бір ауладағы он үй – Алтай көшесіндегі 5 үй мен қарсы тұрған Азаттық даңғылы бойындағы 5 үй. 90-шы жылдардың аяғында Азаттық бойындағы үйлер жөндеуден өтті, ал, Алтай көшесіндегі үйлер 1978 жылдан бері жөндеу көрмеген. 27 сәуір 2016, 18:21 2 377 просмотра
Сұрақ-жауап

Молдова азаматтары үшін - 90 күн

– Мен Молдова азаматымын, қазіргі уақытта отбасылық жағдайыммен Атырау қаласында жүрмін. Жеке тұлғамен еңбек шартын жасауды жоспарлап отырмын. Маған көші-қон полициясында ондай келісімшартты тек үш ай мерзімге ғана жасауға құқылы екендігімді айтты. Одан соң ҚР аумағынан шығуға міндетті екенмін. 14 сәуір 2016, 00:00 2 303 просмотра