Атырау, 18 сәуір 05:11
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Жобадағы жолдар

Биылғы жаз басталғанда поселкемізде жол құрылысы басталды. Біз техника біздің көшемізге дейін жетеді деп асыға күткен едік, бірақ құрылысшылар жұмыстарын тоқтатып, біздің көшелеріміз 2017 жылдың жол жоспарына енгізілмегенін мәлімдеді. Бізде асфальт қашан болады? 12 қазан 2017, 00:00 2 917 просмотра
Сұрақ-жауап

Қауіпсіздік бағасы

Қазір газдан улану оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты газ жабдықтарын техникалық тексеру жұмыстары жүріп жатыр дейді. Бұл үшін әр нүкте үшін 1 000 теңге төлем алады екен. Күзде 800 теңге еді. Бұл сонда бақылаушы үйдегі газ қазандықтарын санап, олар дұрыс орнатылған ба, жоқ па, тексеріп, акт жасап, 1 жылға шарт рәсімдеп, өз жұмысын атқарғаны үшін алынатын төлем бе?  12 қазан 2017, 00:00 3 066 просмотра
Сұрақ-жауап

Жазалаушы айыпұл

– Көктемде бізге «ҚазГазАймақ» бақылаушылары келіп, газ үшін төлем талап ете бастады. Сол кезде бізде 2 500 теңгедей жиналып қалған еді. Мен үйде бір өзім баламен отырған едім, қолма-қол ақшам болмады, бақылаушылар құбырды қағазбен орап: «Қалай төлейсіз, солай пломбасын ала аласыз» деп, пломбалап тастады. Мен екі рет сұрадым, олар жауаптарын қайталады. 28 қыркүйек 2017, 00:00 2 870 просмотра
Сұрақ-жауап

Шарт жасалуы керек

Біз міндетті түрде қызмет көрсету шартын жасау керектігіміз туралы хабарлама алдық. Газ плитасына қызмет көрсетуден басқа, не үшін және неге қызмет көрсетеді деген сұраққа жартымды жауап ала алмадық. Оны жасау қажеттігінің мәнісін түсіндіріп берсеңіздер. Газ плитасына қызмет көрсетуге не жатады? Және шартқа қол қоюдан бас тартсақ не болады? 28 қыркүйек 2017, 00:00 3 539 просмотра
Сұрақ-жауап

Сирек жүретін маршрут

– Біздің Нұрсая ықшамауданы қарқынды дамуда. Бұл жерде бюджет саласы қызметкерлерінің көпшілігі тұрады және бәріміз де Атырау қаласының әр жерінде жұмыс жасаймыз. Балаларымыз Авангард ықшамауданындағы, Сәтпаев даңғылы бойындағы және т.б. мектептерде оқиды. 1 қыркүйекте техникалық гимназияның жаңа ғимараты ашылды, онда да қаланың түрлі нүктесінде тұратын балалар оқиды. Ауданымыздан күн сайын таңертең көлікпен шығып, кері қайту қиынға түседі. Баламды енді маршрутпен мектепке жіберуді жоспарлап отырмын. 21 қыркүйек 2017, 00:00 3 187 просмотра
Сұрақ-жауап

Жер кімдікі болса, асфальтты сол салады

– Біз «Жеті қазына» тұрғын үй кешенінің ауласындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары бойынша Атырау ТКШ бөліміне алғаш рет 2016 жылдың 6 қазанында жүгінген едік. Жауап хат биылғы жылдың наурызында келді. Онда шұңқырларды жөндеу жұмыстары 2017 жылғы жол жұмыстарының жоспарына енгізілгені хабарланған. Бүгін ТКШ бөліміндегілер біздің жеке нысан екенімізді және асфальттың болмайтынын хабарлады. Ал біздің тұрғын үй массивін жол жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім не болды? 21 қыркүйек 2017, 00:00 2 984 просмотра
Сұрақ-жауап

​Қыркүйек – тексеру маусымы

– Жыл сайын қыркүйектің басында Атырау жылу жүйелері құбырларды жуып-шаю және тексеру жұмыстарын бастап, бүкіл қала бойынша ыстық суды бір аптаға ажыратып тастайды. Бұл жұмыстарды тамызда жасауға болмай ма? 17 тамыз 2017, 00:00 3 253 просмотра
Сұрақ-жауап

Сома қайтарылуы тиіс

– Отбасымыз қазан айына белгіленген үйлену тойына әзірленуде. Сәуірде банкет залын жалға алу үшін аванс төлемін -150 мың теңгені төледік. Бірақ меймандар тізімін жасай бастаған кезде бізге үлкендеу зал керек екенін түсіндік. Нәтижесінде 2 айдан кейін, маусым айында басқа залды жалға алып, авансты кері алуды ұйғардық. Қолымызда кіріс ордерінің түбіртегі бар. Бірақ мейрамхана қожайыны авансты қайтармай отыр. Бізде мынадай сұрақ бар: мұндай жағдайда қандай сома қайтарылуы тиіс - 10%, 50% немесе белгілі бір мөлшері жоқ па? Кіріс ордерінің түбіртегі ақша төлегенімізге дәлел бола ала ма? Енді авансты қалай қайтара аламыз? 10 тамыз 2017, 00:00 3 268 просмотра
Сұрақ-жауап

Welcome to America

Ислам елдері азаматтарының келуіне қатысты шаралардың қатаюына байланысты жақын арада Қазақстан азаматтары үшін американдық визаның қолданыс мерзімі көп қысқарады деген сөз рас па? Яғни, бүгінде бізге, Қазақстан азаматтарына виза 5-10 жыл мерзімге берілетін болса, енді бұл жарты жылдық виза бола ма? 3 тамыз 2017, 00:00 2 853 просмотра
Сұрақ-жауап

Әуелі келісімшарт болу керек

Сарықамыс-2, №5 көше мекен-жайының бережағы салдарынан газымызды ажыратып тастады. Қарыз келесі күні өтелді, алайда абоненттік бөлім қызметкерлері қосу төлемақысын қабылдамай отыр. Әуелі техникалық қызмет көрсету жөнінде компаниямен келісімшарт жасап, алдын ала 4 700 теңге төлеу керек, содан кейін ғана қосу үшін төлеуге болады дейді. Олардың әрекеттері заңды ма? 3 тамыз 2017, 00:00 2 675 просмотра
Сұрақ-жауап

«Светланаға» назар аударсаңыз

Біз Орталық ықшамауданы №3 үйдің тұрғындарымыз. Көп жыл бұрын үйіміз апатты деп танылды. Үй эксперименталдық жоба бойынша салынды және жобадағы қателіктердің салдарынан бүгінде үйдің лоджиялары қисайып тұр. 2-қабатқа апаратын баспалдақ бөлігі ауладан шығарылған...  29 маусым 2017, 00:00 3 675 просмотра
Сұрақ-жауап

Үй күреле ме, жөнделе ме?

Авангард 3 ықшам аудандағы №35 үйде тұрамыз. Үйдің 1-қабатында әлеуметтік қорғалмаған адамдар, «Арнаулы автобаза» қызметкерлері, интернат мекемелерінің бұрынғы тәрбиеленушілері тұрады, «Арнаулы автобаза», ПИК кеңселері орналасқан. Біздің үйіміз ескі, 2-подъездің қабырғасы жарылып тұр. Үйдің бірінші қабаты шөгіп қалған, подъезге еңкейіп кіреміз. ПИК терможаңғырту жүргізуге қатысты ТКШ-ге жүгінді, алайда ол жақтан мердігерлердің біздің үймен байланысқысы келмейтіні туралы жауап келді. Олар қандай да болмасын құрылыс жұмыстары үйдің одан сайын бұзылуына әкелуі мүмкін екендігіне сенімді. Біздің «апатты» үй деген мәртебеміз жоқ. Үйімізге терможаңғырту жүргізіле ме? Егер жүргізілмесе, не себепті жүргізілмейді? Егер терможаңғырту болмаса, онда бізге, тұрғындарға ғимараттың одан әрі бұзылуына жол бермес үшін үйді қалай ұстап тұру керек? 29 маусым 2017, 00:00 3 015 просмотра
Сұрақ-жауап

Бірдей көше атаулары

- Қалада Мұрат Мөңкеұлы атындағы екі көше бар: біріншісі – бұрынғы Кудряшов көшесі, екіншісі – бұрынғы Қостанай көшесі. Қаланың екі бөлігінде орналасқан көшелердің бірдей аталуы тұрғындарға кері әсерін тигізуде.  Телефон арқылы 1 маусым 2017, 00:00 4 866 просмотра
Сұрақ-жауап

Мұрагерлік іс

– Мен танысымнан ауызша келісім бойынша жер телімін сатып алған едім. Бұл (үй салынғанша) уақытша пайдалануға берілген жер телімі. Бізге қойылған шарт мынадай болды: мен үй саламын, қожайын тұрақты мемлекеттік актіні ресімдейді, ал кейін қағаз жүзінде жердің маған берілетіндігін (сатылатындығын) ресімдейтін болады. Мен үйді салдым, бірақ, танысым сол уақытта қайтыс болды. Мұрагерлері бар, олар ауызша келісімнің шарттарын орындауға қарсы емес. Мұрагерлердің алдағы әрекеттері қандай болуы тиіс? 1 маусым 2017, 00:00 3 700 просмотра
Сұрақ-жауап

Анықтама тиесілі

 – Күйеуім Теңіз кенішінде жүргізуші болып жұмыс жасайды. 5 баламыз бар. Бір баламыз – мүгедек (жүрегі ауырады). Мен еш жерде жұмыс жасамаймын, балаларымды қараймын. Балаларымның біреуі - бірнеше айлық сәби. Табыс салығы бойынша төлемдерді азайту үшін күйеуім жұмысының есеп бөліміне өтініш берді. Ондағылар әйелінің жұмыс жасамайтыны туралы анықтама сұратып отыр... 1 маусым 2017, 00:00 3 945 просмотра
Сұрақ-жауап

Сақалға шектеу жоқ

– Қалың сақалым бар, оны өзіме үйлеседі деп есептеймін. Автомектептегілер егер сақалымды алып тастамасам, емтиханға кіргізбейтіндерін және жүргізуші куәлігін бермейтіндерін айтады. Автомектеп әкімшілігінің бұл талабы заңды ма? 25 мамыр 2017, 00:00 3 294 просмотра
Сұрақ-жауап

Зейнетақы көп болса жәрдемақы берілмейді

Біз бір пәтерде үш адам тұрамыз. Мен зейнеткермін, қызым ІІ топ мүгедегі әрі жалғызбасты ана және оның 8 жасар қызы бар. Қызым 41 мың теңге мүгедектік жәрдемақысын алады. Балаға 18 жасқа толғанша жәрдемақы алу үшін тоқсан сайын бір рет құжаттар тапсырады. Оның табысы азық-түлік себетінің құнынан асып кетеді деген негізбен оған жәрдемақы тағайындаудан бас тартып отыр. Ал мен азық-түлік себетінің мөлшері 24 мың теңгеден асады деп естідім. Ендеше екі адамға 48 мың теңге шамасында болуы тиіс қой. Ал менің қызым бұл сомадан аз алады. Әлде олар менің зейнетақымды да есептеп отыр ма? 18 мамыр 2017, 00:00 2 829 просмотра
Сұрақ-жауап

Әр сәбидің өз несібесі бар

– Бір айдан кейін декреттік демалысқа шығамын. Сәбиім тамыздың аяғында дүниеге келуі тиіс. Өзім жеке фирмада жұмыс жасаймын. Осыған байланысты – сәби дүниеге келгенде қандай жәрдемақы тиесілі – тек менің кәсіпорнымнан ба әлде мемлекеттен де жәрдемақы беріле ме? 18 мамыр 2017, 00:00 3 056 просмотра
Сұрақ-жауап

Көршілер келіспеген жағдайда

– Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр?..  18 мамыр 2017, 00:00 3 108 просмотра
Сұрақ-жауап

Мұғалімдер жеке кәсіпкерлікпен айналыса алады

- Мектепте жұмыс жасайтын мұғалім Жеке кәсіпкерлік (ИП) ашып, оқушыға сабақ үйретуші (репетитор) болып қызмет атқара ала ма? Мектептегі жұмысымен қатар осы қызметпен айналысуға рұқсат етіле ме? Мектепте өзі сабақ беретін оқушыларына қосымша сабақ үшін ақы алуға бола ма? 18 мамыр 2017, 00:00 4 939 просмотра