Атырау, 29 наурыз 04:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда

Атырау облысы әкімдігінде кімнің кесірі кімге тиетіні түсіндірілді Саясат

Атырау облысы әкімдігінде кімнің кесірі кімге тиетіні түсіндірілді

Облыс әкімдігінде Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ төрағалығымен «Мемлекеттік қызметтің кадр саясатының негізгі бағыттары» тақырыбында кеңейтілген кеңес өтті. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат МҰҚСИМОВ баяндама жасады. Атап айтқанда, ол өткен жылдың соңында «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстары үшін әкімдердің жауапкершілігіне қатысты толықтырудың мәнін қатысушыларға жеткізді. 10 наурыз 2020, 11:34 6 163 просмотра
Атырау шаң  мен желдің құрсауында қалды Басқа жаңалықтар

Атырау шаң мен желдің құрсауында қалды

Өткен жұмадан бері Атырауда жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен жел көтерілді. Мұнайлы астанада бұл жиі кездесетін құбылыс, әрине. Бір жаман жері сол жел ала шаңды бұрқыратып, қала «тұманға» оранғандай күй кешті. 9 наурыз 2020, 11:21 5 184 просмотра
ММСЖ: қымбат диагностика енді қолжетімді Басқа жаңалықтар

ММСЖ: қымбат диагностика енді қолжетімді

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) іске қосылғаннан кейін КТ, МРТ, ПЦР және ИФА-анализдері секілді қымбат тексерулер сақтандырылған пациенттер үшін тегін көрсетіледі. Осыған байланысты КТ және МРТ қызметтерін тұтыну көлемі 54%-ға, ультрадыбыстық тексеру 21%-ға артты. Бұл туралы брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК хабарлады. 6 наурыз 2020, 19:35 4 047 просмотра
«Атырау» ФК-ның биылғы бюджеті – 600 миллион Спорт

«Атырау» ФК-ның биылғы бюджеті – 600 миллион

ҚР мемлекеттік сатып алу сайтында 5 наурызда құны 600 млн теңге болатын «Атырау облысының құрама командасын 2020 ж. маусымындағы футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионатына және ҚР Кубогына дайындау және қатыстыру қызметі» лоты жарияланды. 6 наурыз 2020, 17:47 3 698 просмотра
Әр үйдің өз ұйымы болу керек Басқа жаңалықтар

Әр үйдің өз ұйымы болу керек

ПИК-ті жою және тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарының пайда болуы, ең алдымен, пайдалану шығындарының көтерілуіне әкеледі. Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат ХАБИЕВ өткізген брифингте айтылды. Оның өзі де тұрғын үй-коммуналдық саласындағы кезекті «қайта құруға» риза емес секілді, бірақ «заң қабылданды, біз оны орындауымыз керек». 6 наурыз 2020, 17:14 3 724 просмотра
Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды Оқиға

Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды

Жуырда Құрманғазы ауданы Байда ауылында орналасқан шекара бекетінде «КамАЗ» жүк көлігін тексеру кезінде 3 дана киіктің мүйізі табылған.  Көлік Ресей Федерациясының 1963 жылғы азаматына тіркелген.   6 наурыз 2020, 15:20 3 290 просмотра
Біздің сүйікті қаламызда  вандализм  «гүлдене» бере ме, әлде толастай ма? Басқа жаңалықтар

Біздің сүйікті қаламызда вандализм «гүлдене» бере ме, әлде толастай ма?

Сүйікті қаламыз Атыраудағы  басты алаң қайта жаңартылып, халық игілігіне пайдалануға берілген бойда вандализм әрекеттері көрініс тапты. Газондар тапталып,  гүлзарларда отырғызылған гүлдер жұлынды. PR 6 наурыз 2020, 15:19 5 666 просмотра
Ауру малдың «қамы» Басқа жаңалықтар

Ауру малдың «қамы»

Қызылқоға ауданында малдағы бруцеллез ауруының негізгі ошағы әлі де жою мүмкін болмай тұр. Негізгі себептердің бірі -  жергілікті мал иелері малға төленетін өтемақымен келіспегендіктен ауру малды жасырып қалады. 6 наурыз 2020, 15:04 4 026 просмотра
Ескі қаладағы сүрілген үйлерге берілген ең үлкен өтемақы - 91 миллион Басқа жаңалықтар

Ескі қаладағы сүрілген үйлерге берілген ең үлкен өтемақы - 91 миллион

Атырауда ескі қаладағы үйлерді сүру жұмыстары жалғасуда, бұл 2017 жылдан 2029 жылға дейін 12 кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде (2017 ж. қараша - 2019 ж. тамыз) Пушкин, Жангелдин, Байтұрсынов, Тайманов және Гагарин көшелерінің шегіндегі 18,1 га алаңда 262 үй бұзылуы тиіс. Барлық меншік иелерімен дерлік өтемақы мөлшері туралы келісілген, бірақ олардың 8-і қазіргі уақытта осы сомалар үшін сотта дауласуда. 6 наурыз 2020, 11:07 4 535 просмотра
Атырау медицинасының "ерекше" тұстары Басқа жаңалықтар

Атырау медицинасының "ерекше" тұстары

«Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері өткізген тексерістер кезінде облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде өрескел бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, жаңа туған нәрестелерді өкпе аурымен ауыратын науқастармен қатар қабылдаса, жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастарды матрасы салынбаған темір кереуетте ұйықтауға мәжбүрлеген. Толықтырылды 6 наурыз 2020, 00:22 3 369 просмотра
Теңізде өрт шықты Экология

Теңізде өрт шықты

Бүгін, 5 наурызда, күндізгі уақытта Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауыты аумағында өрт шықты. Белгісіз адам қою қара түтінді бейнежазбаға түсіріп, «Теңізде жарылыс болды. Өртеніп жатырмыз!» деп үрей туғызды. Бейнежазба 5 наурыз 2020, 23:32 7 165 просмотра
Жаңа әкім қаланы қоқыстан тазартпақ Басқа жаңалықтар

Жаңа әкім қаланы қоқыстан тазартпақ

50 мыңға жуық қала тұрғыны қоқыс шығарғаны үшін ақы төлейді, ал Атырау халқының саны 300 мыңға жуық. Қала билігі «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің клиенттер базасын газ қызметі мен басқа да коммуналдық қызмет базасымен «байланыстыру» арқылы көбейтпекші. 5 наурыз 2020, 17:46 3 695 просмотра
Күзетші тонаушыдан қорғап қалды Басқа жаңалықтар

Күзетші тонаушыдан қорғап қалды

Атырауда №3 емхананың (Привокзальный ықшам ауданы) қақпасы алдында әлдебір тонаушы жас қыздың сөмкесін тартып алған. Емхана күзетшісі дер кезінде оған көмекке келді. Әлеуметтік желілерге тарап кеткен бейнежазбаға сүйенсек, ашу қысқан қылмыскер сөмкені қызға бере салып, күзетшіге тап беріп, жұдырығын ала жүгіреді. Бейнежазба 5 наурыз 2020, 17:04 3 853 просмотра
Атыраудағы «Сергек»: айыппұл наурыздан бастап салынады Басқа жаңалықтар

Атыраудағы «Сергек»: айыппұл наурыздан бастап салынады

Наурыздан бастап Атырауда жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге «ақылды» «Сергек» жүйесінің көмегімен айыппұл салына бастайды. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Қазақстанда «Сергек» жүйесін орнатумен айналысатын «Көркем-Телеком» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады. Алайда аппараттық-бағдарламалық кешеннің бірінші кезегінің іске қосылатын нақты күнін атамады. 5 наурыз 2020, 16:58 5 879 просмотра
"Маска тағу міндетті емес" Басқа жаңалықтар

"Маска тағу міндетті емес"

Атырау дәріханаларында 8400 медициналық демперде бар, оның жетіспеуіне байланысты 15 наурызға дейін тағы 100 000 данасы жеткізілуі тиіс. Бұл туралы коронавирусқа қатысты ахуал бойынша өткізілген брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ мәлімдеді. 4 наурыз 2020, 16:47 4 782 просмотра