Атырау, 25 сәуір 13:14
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Оқиға

Сириялықтар ителгі аулап ұсталды Оқиға

Сириялықтар ителгі аулап ұсталды

23 тамызда Жылыой АІІБ қызметкерлері Құлсары қаласынан 70 шақырымдай жерде күдік тудырған «Митцубиси Паджеро» маркалы екі автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 12 калибрлі аң аулайтын мылтық пен 21 дана оқ-дәрі, 25 тірі көгершін құсы табылды. 26 тамыз 2016, 14:07 9 053 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

20 тамыз күні кеште Атырау қаласының 37 жастағы тұрғыны полицияға Сәтпаев даңғылында тұрған өзіне тиесілі «Хюндай Акцент» автокөлігін 32 жастағы танысының ұрлап мініп кеткендігін мәлімдеген. Бейнекамералар көмегімен көліктің қозғалысы анықталып, қашқынды сол Сәтпаев даңғылында қолға түсірген. Тергеу жүргізілуде. 25 тамыз 2016, 00:00 2 508 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Тамыздың 12-не қараған түні жол-патруль полицей қызметкерлері Сарыөзек маңындағы ветеринарлық бақылау қосынынан қала маңындағы Бірлік поселкесінің 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Дэу-Нексия» көлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан жаңа ауланған 40 келі бекіре еті табылды. Тыйым салынған жүк жүргізушінің 39 жастағы ауылдасына тиесілі екен. 18 тамыз 2016, 00:00 1 546 просмотра
Тонаушы өзіне қол жұмсаймын деп қоқан-лоққы жасаған Оқиға

Тонаушы өзіне қол жұмсаймын деп қоқан-лоққы жасаған

Атырауда 30 шілдеде шамамен сағат түнгі 4-те Байтұрсынов көшесінде белгісіз екеу өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап, ұялы телефоны мен 15 мың теңгесін тартып алған. Ал таңертең Махамбет көшесінің бойындағы сауда нүктелерінің біріндегі күзетшілер күдікті екі адамның ұялы телефон сатуға әрекеттеніп жүргенін хабарлады. 4 тамыз 2016, 00:00 2 666 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауда «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтті. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бір апта ішінде азаматтық және қызметтік қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 484-бабы) 87 адам, оны тіркеу (қайта тіркеу) ережесін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 486-бабы) 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды 4 тамыз 2016, 00:00 2 397 просмотра
​Жасөспірімдерді ұрлық жасауға итермелеген Оқиға

​Жасөспірімдерді ұрлық жасауға итермелеген

Жасөспірімдерден құралған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал, оның тапсырмасын орындаған кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 14 шілде 2016, 12:00 2 877 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 2015 жылдың қарашасында ер адам оның сеніміне кіріп алып, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның үш мың долларын алған. Алайда уәдесін орындамапты. Күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды. 7 шілде 2016, 00:00 2 905 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Маусымның 25-де Атырау-Махамбет трассасында тал түсте мекемелердің бірінің жанында тұрған КамАЗ жүк көлігін тексеру кезінде Есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері кабинадан 56 бұта марихуана тауып алды. 35 жастағы көлік жүргізушісі, Тараз тұрғыны каннабистің қайдан келгенін түсіндіре алмады. Тергеу жұмыстары басталды. 30 маусым 2016, 00:00 2 502 просмотра
​Перзентхана қызметкері тергеу изоляторына орналастырылды Оқиға

​Перзентхана қызметкері тергеу изоляторына орналастырылды

№2 Атырау қалалық соты жаңа туған сәбиді саудалады деп күдіктелген перзентхана қызметкерін 2 айға қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 24 маусым 2016, 15:20 3 199 просмотра